Дін саласындағы мемлекттік саясаттың тұжырымдамасы бекітілді
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы 2017 жылғы 20 маусымындағы №500 Жарлыққа қол қойды.
Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірледі.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.
Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуының үш негізге басымдықтары айқындалған.
Бірінші басымдық болып заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу табылады.
Екінші – мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», – делінген.
Тұжырымдама ар-ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардың құқықтарын, діни бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің конституциялық негіздерін жоюға, халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Үшінші басымдық ретінде діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.
Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте маңызды рөлді деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру ойнайды.
Бұл мақсатта ақапраттық-түсіндірме жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту қарастырылған.
Аталған құжат дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды.
Білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары сияқты барлық салаларда кешенді жұмыс жүргізу қарастырылған.
Көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру 2020 жылға дейін жүргізіледі, оның нәтижесі ретінде қоғамдық санада зайырлық принциптерін нығайту, қоғамда діни қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу күтіледі.
Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
Abai.kz