Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Алаң 9075 6 пікір 30 Маусым, 2017 сағат 12:03

Сағынтаев пен Сабильяновтың уәделерінде тұруын сұраймыз!

Өткен жылғы Үкімет құрған жер комиссиясының бірінші отырысында Айдын Егеубаев ШҚО, Үржар ауданындағы мыңдаған гектар жерді қытайлық компанияның қатысы бар «Бәтуа» ЖШС жалға алып, оны игермей отырғанын және ол үшін ірі көлемде субсидия алғанын жариялаған еді.

Сол жиында комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев мәселені бақылауға алатынын айтып, депутат Нұртай Сабильянов депутаттық сауал жолдап, барлық мән-жайды біліп беремін деп уәде еткен.

Алайда, өкінішке қарай Айдын Егеубаев екеуіміздің жазбаған жеріміз, айтпаған чиновнигіміз, аттамаған табалдырығымыз қалмай жүріп, ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне толықтай дәлелдеп, «Бәтуа» ЖШС заңсыз алып алған 91 432,5 га жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа арыз бергізген едік.

Енді бүгін қалған 7250 га жерді қайтару кезінде «Бәтуа» ЖШС өзінің тамыр-танысын, демеуші-жебеушілерін қосып, істі тоқтатып тастауға немесе жерді қайтартпауға барын салуда.

Енді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Мәжіліс депутаты Нұртай Сабиляновтың өздері берген уәдесінде тұруын сұраймыз.

Олар уәдесінде тұрмаса, жер жанашырларының, қарапайым халықтың қолдауы керек болады.

Мақсат Ілиясұлы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2389
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 630
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 606