Жұма, 22 Қараша 2024
Анық-қанығы 7188 10 пікір 1 Шілде, 2017 сағат 10:56

Өз азаматтарымыз ақылы, шетелдіктер тегін емделе ме?

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР «Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерді тегін емдеу туралы» заңға қол қойыпты.

Ал, Қазақстан азаматтары медициналық көмек алу үшін медициналық сақтандыру төлемін төлеуге міндеттелген, яғни тегін емес.

ҚР Конституциясының 10- бабының 3- тармағында «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды» деп көрсетілген.

Ал, ҚР Конституциясының 12-бабының 3-тармағында «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.», ал 4-тармағында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады»,-деп жазылған.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы» N 12 қаулысында «Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі, олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің барлық кешеніне ие болуын көздейді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін өзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген» деп түсіндіреді.

Сондықтан, шетелдіктер Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең немесе артық құқыққа ие бола алмайды.

Ал, Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған ҚР «Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерді тегін емдеу туралы» заңы шетелдіктерді Қазақстан Республикасының азаматтарынан жоғары қойып, артық құқық беріп отыр.

Демек, ҚР «Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерді тегін емдеу туралы» заңының қабылдануы  ҚР Конституциясына және ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы» N 12 қаулысына қайшы екенін білдіреді.

ҚР Конституциясының 4-бабының  2-тармағы бойынша Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Сонымен бірге барлық заңдар Конституцияға қайшы келмеуі керек.

ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 5-бабының 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге де нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келе алмайды.

Сондықтан, ҚР «Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерді тегін емдеу туралы» заңы ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысына қайыш заң ретінде күші жойылуы тиіс.

Мақсат Ілиясұлы, заңгер

Abai.kz 

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304