Даттау. Ақтау. Мақтау
2017 жылдың маусым айы - біраз бауырларымның мені даттауымен, көптеген зиялы қауымның өкілдерінің мені ақтауымен, V құрылтайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың мені мақтауымен есте қалды...
Күні мен түні, қысы мен жазы, аптабы мен аязы алмасып жататын ӨМІР деген осы екен....
Даттаушыларға еш өкпе жоқ. Олар да аман болсын!
Ал ақтаушы ағайындар мен қадірлі Елбасымызға, Отан құшағына оралған ширек ғасырдан бергі Ел үшін еткен-азды көпті еңбегімізді елеп-ескергені, көтере бағалағаны үшін басымды иіп тұрып шексіз алғыс айтамын! Баршаңызға Алла риза болсын!
Қазақ баласын Жаратқан иеміз ауызбіршіліктен айырмасын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Дүкен Мәсімханұлы
Facebook-тегі парақшасынан