Енді жынды болатын кезек сендерге келді!
Ауылдағы әжесінің қаладағы немерелеріне беріп жіберген сыйлығын ашып көрсе, кілең ішіне су құйып алып ататын ойыншық пистолеттер екен. Балалар мәз боп қалғанымен, олардың әке-шешесі қуана қоймаса керек. Сосын ауылға хабарласады:
– Апа-ау, басқа сыйлық құрып қалды ма? Баяғыда, есіңізде ме, біз де осындай пистолеттермен су шашып, үйді де, үстімізді де әбден былғаушы едік, сөйтіп, сіздің әбден жыныңызға тиетінбіз.
– Есімде болған соң да, жіберіп отырғаным! Енді жынды болатын кезек сендерге келді!
Сәкен Сыбанбай
Facebook-тегі парақшасынан