Сенбі, 23 Қараша 2024
Судың да сұрауы бар... 5396 5 пікір 11 Шілде, 2017 сағат 07:38

Қытайдың үлесі бар "Бәтуа" ЖШС-не берілген жер қайтарылады

Бір жылдан аса уақыт жасаған үлкен жұмыстардың нәтижесінде, ҚР Бас прокуратурасына, ШҚО прокуратурасына, Ауыл шаруашылық министрлігіне, тағы бірнеше мемлекеттік органдарға жазылған ондаған хаттардан кейін мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізіліп, өткен жылы ШҚО Үржар ауданындағы «Бәтуа», «Ырғын», «Мәнфағат» ЖШС 91 432,5 гектар жерге заңсыз жер пайдалану құқығына берілгені анықталған болатын.

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті арнайы тексеру жүргізіп, комитеттің тексеру қорытындысы туралы 2016 жылдың 22 шілдесіндегі № 42-16-29-1/1 актісіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімшілігі тарапынан «Бәтуа» «Ырғын», «Мәнфағат» ЖШС 91432,5 гектар жерді заңсыз жалға бергенін анықтаған.

Соның нәтижесінде АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті аталған серіктестіктерге жер беру туралы ШҚО Үржар ауданының жер беру жөніндегі қаулыларының күшін жою туралы сотқа арыз беріп, нәтижесінде, 23 қараша 2016 жылы ШҚО арнайы мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен «Бәтуа» ЖШС жер пайдалану құқығындағы 84 182 гектар ауылшаруашылық жері мемлекетке қайтарылған болатын.

Одан кейін біз, ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне қалған 7 250 гектар жердің не үшін қайтарылмай қалғаны туралы тағы хаттар жазып, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетімен бірлесе жұмыс жасаған едік.

АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің талап арызының нәтижесінде ШҚО арнайы мамандандырылған экономикалық сотының 03 шілде 2017 жылғы №2-2143-17 шешімімен қытай компаниясының үлесі бар «Бәтуа» ЖШС жер пайдалану құқығына берілген 7 244,7 гектар және жеке меншікке сатылып кеткен 5,3 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Осы істің басы қасында болып, бірге ат салысқан «Алаш жолы» қозғалысының мүшелеріне, ҚР Бас прокуратурасына, ШҚО прокуратурасына, Ауыл шаруашылық министрлігіне және министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетіне ризашылығымызды білдіреміз.

Жұмыс одан әрі жалғасуда.

Құрметпен, Мақсат Ілиясұлы және Айдын Егеубаев

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364