Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
6365 0 пікір 11 Шілде, 2017 сағат 09:17

Өзбекстан билігі шетелге шығу визасын алып тастауы мүмкін

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен басқа да шенділер 8 шілдеде шетелге шығу визасын алып тастау мәселесін талқылады. Келіссөздердің нәтижесі туралы мәлімет жоқ.

Биыл қаңтар айында ел үкіметінің сайтында президент жарлығының жобасы жарияланған. Онда шетелге шығатын әрбір азамат міндетті түрде виза алу керектігі туралы ережені алып тастау туралы айтылған. Совет заманынан қалған ескі жүйе Өзбекстанда осы уақытқа дейін сақталған. Бұл жағдай ел азаматтарының сапарға шығуына кедергі келтіріп отыр.

Шетелге шығу визасын алып тастау туралы ұсынысты президент Шавкат Мирзияев айтқан. Сол арқылы ол Өзбекстанды әлемге ашық ел жасағысы келеді. Мирзияев билікке өткен жылы республиканың тұңғыш президенті Ислам Кәрімов өлімінен соң келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742