Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
5464 1 пікір 11 Шілде, 2017 сағат 09:18

Түркіменстан үкіметі бірнеше жемқорды әшкереледі

Түркіменстанның сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік орган қызметкерлері елде бірнеше жыл бойы әрекет еткен ірі жемқорлық қылмыс ордасын әшкереледі, деп хабарлады елдің ресми баспасөзі.

Президент Гурбангулы Бердымұхамедов үкімет отырысында Түркіменстанда жемқорлыққа ешқашан орын жоқ деп мәлімдеп, елдің құрылыс және үй-коммуналдық шаруашылық министрін жұмыстан шығарды.

Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі бөлім директоры Мұхамметхан Чакыевтың айтуынша, соңғы тексерулер кезінде жылдар бойы жемқорлықпен шұғылданған ондаған қызметкердің ісі әшкереленген. Шенеуніктің есебі бойынша, мемлекеттік концерннің біріндегі бірнеше қызметкер үлкен көлемдегі парамен ұсталған, сонымен бірге мың қорап темекі және тыйым салынған «Трамадол» дәрісі тәркіленген.

Құрылыс және үй-коммуналдық шаруашылық министріне қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Банк жүйесін тексеру кезінде де жемқорлық қылмыстары табылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1131
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746