Женевада Сирия үкіметі мен оппозиция арасында келіссөздер басталды
Бейбіт келіссөздердің сегізінші отырысы басталар қарсаңында Сирияның оңтүстігінде әскери қимылдардың барлығы тоқтатылды. Өткен аптада АҚШ, Ресей және Иордания осындай келісімге келген еді. Ол Женева келіссөздері аясында жүзеге асты. Де Мистураның хабарлауынша, Амманда Сирияның оңтүстік-батысында оқ атуды доғары жөніндегі келіссөздер өткізілген.
Келісім шарттары негізінен сақталып отыр, деді БҰҰ-ның арнайы өкілі.
Оппозиция өкілі Франс Пресс агенттігіне бейбіт келіссөздердің жаңа жиналысынан нәтиже күтпейтінін айтқан. Женева келіссөздерінің алтыншы жиналысы да айтырлықтай нәтиже бермеді.
Оппозиция Сирия президенті Башар Асад отставкаға кетуі керек дегеннен танар емес. Бірақ оған Сирия үкіметі келіспей отыр.
Женева келіссөздеріне қосымша ретінде Астана қаласында да бейбіт келіссөздер өтіп жүр. Мұндай бастаманы Ресей, Түркия және Иран көтерген.
Сирияда 2011 жылы наурызда басталған жанжал салдарынан 320 мыңнан астам адам қаза тапты, миллиондаған адам босып кетті.
Abai.kz