ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кез -келген өркениетті мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақ санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мың жылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамуы өткен тарихтың беттерін қайта парақтауды талап етеді. Соның бірі біз қарастырғалы отырған ислам дініне қатысты кейбір мәселелер. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның солтүстік аймағыңдағы ислам дінінің XІX-XX ғасырлардың аралығындағы жағдайына тарихи талдау жасалған жоқ. Арнайы зерттеу жұмыстарының болмауы себепті осы өлкеде ислам дінінің таралуы мен көрсетілген уақыт межесіндегі жағдайы туралы ғылыми әдебиетте үстірт пікірлер де кездеспей қоймайды. Оның ең бір көп тараған мысалы - Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі қазақ қауымдарының XІX ғасырдың ортасына дейін бақсылық - мәжүуссилі к түсініктердің ықпалында болды дейтін ережеге айналған тұжырым. Осы түсініктің айқын көрінісі белгілі зерттеуші А.И.Левшиннің «Описание киргиз казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» еңбегіндегі мына жолдар: «Какой вы веры?» спросил я однажды двух киргизов-казаков. «Не знаем», - отвечали они. Ответ сей услышите от большей части их соотечественников. И в самом деле трудно решить, что такое киргизы - магометане, манихеяне или язычники? [1]
Кез -келген өркениетті мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақ санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мың жылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамуы өткен тарихтың беттерін қайта парақтауды талап етеді. Соның бірі біз қарастырғалы отырған ислам дініне қатысты кейбір мәселелер. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның солтүстік аймағыңдағы ислам дінінің XІX-XX ғасырлардың аралығындағы жағдайына тарихи талдау жасалған жоқ. Арнайы зерттеу жұмыстарының болмауы себепті осы өлкеде ислам дінінің таралуы мен көрсетілген уақыт межесіндегі жағдайы туралы ғылыми әдебиетте үстірт пікірлер де кездеспей қоймайды. Оның ең бір көп тараған мысалы - Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі қазақ қауымдарының XІX ғасырдың ортасына дейін бақсылық - мәжүуссилі к түсініктердің ықпалында болды дейтін ережеге айналған тұжырым. Осы түсініктің айқын көрінісі белгілі зерттеуші А.И.Левшиннің «Описание киргиз казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» еңбегіндегі мына жолдар: «Какой вы веры?» спросил я однажды двух киргизов-казаков. «Не знаем», - отвечали они. Ответ сей услышите от большей части их соотечественников. И в самом деле трудно решить, что такое киргизы - магометане, манихеяне или язычники? [1]
Шын мәнінде А.И.Левшин қазақтардың Құдайды қабылдайтының, оған Коран /тексте Коран заңы/ тәртібі бойынша табынатынын жазады, тек бұл табыну ерекше жолмен іске асады. Қазақтар ислам дінін фанаттар есебінде емес, халықтық түрде қабылдаған, яғни өздерінің төл бақсылық түсініктерін сақтай отырып мұсылмандыққа өткен.
Дегенмен А.И.Левшиннің жоғарыда келтірген тұжырымы белгілі дәрежеде өзге зерттеушілерге де әсер етпей қойған жоқ. Мысалы, М.Михайловтың 1867- жылғы мақаласында «Киргизы считаются магометанами суннитской секты, но они так слабы в своей религии и так равнодушны к ней, что составляют самый низший разряд мусульман [2] деп жазады. Ескертетін бір мәселе А.И.Левшин де, М.Михайлов та өз зерттеулерінде Қазақстанның солтүстік аймағының деректерін пайдаланып отыр.
Дегенмен сол кезеңнің өзінде бұл пікірге қарсы болған ғалымдар да болды. Олар қазақ халқының ислам дінін ертерек қабылдағанын және күнделікті тіршілігінде ислам қағидаларына сүйенетінін дәлелді түрде жазған. Осындай пікірлердің арасында белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Радловтың пікірі ерекше:
«Киргизы /қазақтар - авт./ резко отличаются от тюрков-кочевников Алтая, и по своему образу жизни и мышления они находятся на более высоком уровне. Это обусловлено исламом, который киргизы исповедуют уже много столетий» деп жазады қазақ өмірін терең зерттеген В.В.Радлов.
Ғалымның пікірінше бұл мәселені терең аңғару үшін қазақ халқының этнографиясын жақсы білу керек: «несомненно, именно благодаря влиянию исламской религии киргизам присущь больший порядок в одежде и устройстве жилища, чистота, упорядоченные семейные отношения и более совершенные этические принципы. Широко распространенно ложное представление, будто бы киргизы лишь в последнее время полностью обратились в ислам и, более того, еще и по сей день остаються язычниками. Киргизы уже несколько как окончательно приняли ислам и могут с полным правом считаться правоверными, можно даже сказать, фанатичными мусульманами, хотя, разумеется, киргизское мусульманство, приобрело своебразную окраску, обусловленную особым жизни этих степных кочевников» [3]
В.В.Радловтың айтқан пікіріне дәлелді біз XVІ ғасырдың басында Мухамед Шайбани ханмен бірге қазақ даласына келген тарихшы Фазлаллах ибн Рузбеханның «Михман - наме-йи Бухара» /Бұхарлық қонақтың жазбалары кітабынан табамыз. Саяхатшы қазақтардың ислам дінін Шыңғыс хан заманынан бері қабылдағанын жазады, бірақ оның жазуынша бұл ислам аздаған жергілікті ерекшеліктері бар ислам. Сонымен бірге Рузбехан қазақ жеріне бір жағы Түркістан мен Мәуреннахрдан, бір жағы Хаджы-Тархан" /Астрахан/ мен Ширван Дербентінен /Әзірбайжан/, Хорезм мен Хиуадан дін өкілдері жиі келетінін жазады:
« казахи ...более двухсот лет, как приняли ислам, и улемы, и ученые приезжают к ним из разных сторон ... их /казахов/ купцы постоянно посещали и посещают страны ислама, равно и купцы этих стран ездят к ним. Купцы этой страны вхожи в их среду, заучивают предписания ислама, и сейчас они вместе с ханами и султанами - мусульмане. Они читают Коран, исполняют молитвы, отдают своих детей в школу, постятся, вступают в брак и вовсе не женятся без брачного договора» [4].
XVІІІ ғасырдың соңына қарай Орта жүз жерінде қызмет жасаған капитан И.Г.Андреевтің «Описание Средней орды киргиз-кайсаков» атты еңбегінің Бір жағынан деректік қасиеті көп осы еңбектің бірнеше тарауы солтүстік қазақ өлкесінде қалыптасқан исламдық әдет-ғұрыптарды сипаттауға арналған. Капитан И.Г.Андреевтің әскери инженерлік қызметі көбінесе Ертіс және Есіл өзендерінің бойындағы орыстың шекаралық шептерін салуға қатысты болған.
И.Г.Андреев осы өңір қазақтарының ислам дінін ұстанатынын, көптеген қағидалары мен салт-дәстүрін қабылдағанын жазады. Ол «закон киргиз-кайсаков есть мугаметанской, который приняли они в Бухарии от древнего хана Джанибека.» дейді. Автордың жазуына қарағанда қазақтың өз ішінен шыққан дін иелері жоқ, көбінесе сырттан келгендер молда қызметін атқарады: «Для богослужения же ахунов и муллов не имеют, а почитают всякого грамотного человека за муллу, коих из природных их ни у кого у них нет, а принимают их из ташкенцов и бухарцев» [5].
И.Г.Андреев қазақтың белгілі билері мен сұлтандарына Сібір шебінен сауатты татарлармен башқұрттардың жіберілетінін жазады. Олар Ресейлік үкімет орындарымен қазақ арасында қағаз-хат мәселесін жүргізуге аттанатын хатшы дейді зерттеуші. Дегенмен осы аттанған адамдардың белгілі дәрежеде қазақ арасында ислам позициясын күшейткенін біз көптеген тарихи құжаттарын білеміз.
XІX ғасырдың 20-30-жылдары қазақтар туралы жазған Г.И.Спасский, С.Г.Броневский шығармаларынан да Солтүстік Қазақстан аймағын мекендеген қазақ руларының исламға қатысы туралы мәліметтер кездеседі. Бұл бағытта әсіресе С.Г.Броневскийдің «О киргиз-кайсаках Средней Орды» еңбегін атау керек. Өзіне дейінгі жазылған И.Г.Андреевтің жазбаларын аздап қайталағынымен бұл еңбекте автордың өз көзімен көріп-бақылаған жаңалықтары да бар. С.Г.Броневский Сібір қырғыздары облысы аталатын әкімшілік құрылымның басшысы болды, оның отаршыл жүйенің өкілі болғандықтан шовинистік пиғылдағы көзқарасы басым.
Сібір қазақтары облысына қатысты С.Г. Броневский былай деп жазады: «Выше было объяснено, что Киргиз-Кайсаки, хотя исповедуют закон Магомета, но суть невежи в ином, Ахунов, Муллов и Ходжей содержат в волостях, но нет у них ни мечетей, ни обрядов веры постоянно отправляемых, находятся однако же люди набожные из стариков»[6].
Ең бастысы бұл еңбектен Қазақстанның солтүстік аймағына қатысты толып жатқан тарихи мәліметтерді кездестіреміз. Ол еңбекте қазақтардың Әзіреті Сұлтанға арнайы сапарға шығатыны да, әр ауылда бес уақыт азан шақырып, намаз оқитын адамдар болатыны жөнінде т.б. деректер бар. Жалпы бұл еңбекті XІX ғасырдың басына қатысты жақсы дерек көзі ретінде қабылдауға әбден болады.
Жоғарыда Ресейлік белгілі зерттеуші А.И.Левшиннің исламға көз қарастары туралы айттық. Оның қазақ арасындағы исламның орны мен қызметі туралы түсініктері тым жадағай деп бағалуға болады. Ол көбінесе қазақтың көшпелі қоғамында мұсылмандықпен қатар кездесетін бақсылық сенім-нанымдарға көңіл бөліп, соны суреттеген. Бірақ XІX ғ. ортасына қарай қазақтың мұсылмандығы туралы жаңа зерттеулердің легі пайда болды. Бұлардың көпшілігі дін мәселесіне арнайы бағытталмағанымен де белгілі дәрежеде дерек болуға жарайтын еңбектер, сонымен қатар олардан тарихнамалық зерттеу әдістерінің де үлгісін көруге болады.
Ресей Генералдық штабының қызметкері М.Красовский. 1868-ші жылы жарияланған «Область сибирских киргиз» деп аталатын үш томдық еңбегінде, зерттеуші қазақ даласының солтүстік бөлігінде мекендеген елдің арасындағы ислам жағдайына тоқталады. М.Красовский қазақтың діни түсініктерінде фанатизм жоқ деп жазады, бірақ әр түрлі діни әдет-ғұрыптар мен құрбан -айт сияқты мерекелер өткізілетінін айтады. Автор құрбан-айтты қазақтың үш күн бойы тойлайтынын, оның бүкіл халықтық мереке түрінде өтетінін нақты мысалдармен келтірген: «первый день құрбан-айта празднуют все без исключения, второй - ходжи и муллы, к которым собираются султаны и знакомые из простых киргиз, в третьи - белая кость приглашает к себе на еду всех тех, у которых гостили первые два дня» [7].
XІX ғасырдың 60-шы жылдары «Уақытша Ереже» реформасына қатысты қазақ жерін аралаған Ресей үкіметінің өкілі А.К.Гейнс қазақ арасындағы исламның ерекшеліктері туралы: «смешение некоторой доли магометанства с старинными языческими верованиями и обычаями составило у киргиз свое собственное, киргизское верование» [8] деп жазады
Автордың қазақ ішіне ислам дінін таратушылар Орта Азия хандықтарынан, яғни Хиуа, Бұхара, Коқан жерінен келген молдалар. Бұл молдалар өздерінің пайдасы үшін, көбінесе сауда мәселесі мен саясат үшін, ислам дінін таратып, қазақтың мұсылмандығын қолдайтынын айтады. Дегенмен А.К.Гейнстің айтуына қарағанда қазақтар ислам дінінің ең басты деген бес - алты шарты болмаса басқасын қабылдамаған, көбінесе күнделікті тіршілікте әлі де бақсылық дәстүрлерін қолданады[9]. А.К.Гейнстің солтүстік аймақтың қазақтарына исламды Орта Азия дін өкілдері алып келді деген пікіріне Ш.Уәлихановтың қарсы болғаны белгілі. Қазақтың ұлы шығыстанушы ғалымы, прогрессивті көзқарастардың өкілі Ш.Уәлиханов Қазақстан жерінің солтүстік аймағына исламды алып келген 1822- жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» деп есептеді.
Қазақстанның солтүстік аймағындағы ислам дінінің XІX ғасырдағы жағдайы туралы өте құнды мәліметтерді Ш.Уәлихановтың - «О мусульманстве в степи» мақаласынан көреміз. 1863-1864- жылдары Шоқанның қатты ауырып жүрген кезінде жазылған бұл шығарма қазақ халқының ішінде исламның қанат жаюына байланысты туындаған толып жатқан мәселелерді қарастырады. Ш.Уәлиханов еркін өмір сүрген, ерлік рухты, тәуелсіздікті дәріптеген қазақ халқының Шығыстың мұсылмандық дәстүрлерінің әсерімен жуасып, бойкүйез болып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді: «Под влиянием татарских мулл, среднеазиатских ишанов и своих провелитов нового учения народность наша все более и более принимает общемусульманский тип. Некоторые султаны и богатые киргизы запирают жен своих в отдельные юрты, как в гаремы. Набожные киргизы начинают ездить в Мекку, а бояны /ақындар- авт/ наши вместо народных былин поют мусульманские апокрифы, переложенные в народные стихи. Вообще киргизскому народу предстоит гибельная перспектива достигнуть европейской цивилизации не иначе, как пройдя через татарский период, как русские прошли через период византийский» [10].
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының рухани тұрмыс-тіршілігіне мұсылмандық схоластиканың кері әсер етуі мүмкіндігін ескертеді. Ғалым мұсылмандықтың терең тамыр жоюынан қазақ халқының европалық өркениеттің көшіне ілігу, еру мүмкіндігі азайып қалады деп есептеді. Сонымен бірге Шоқан солтүстік өңірдегі қазақтардың арасында ислам қағидаларының етек жайғанына Сперанскийдің жүргізген реформалары әсер етті десе, екінші бір мақаласында /Записка о судебной форме/: «вместе с приказами, заседаниями, журналами исходящими и входящими навязали нам татарских мулл и татарское просвещение. Реформы подобного рода, собственно, мы и считаем бедственными для народа и вредными для прогресса [11]. Шоқан орыс үкіметіне ислам дінін қуғындамауды ұсынады: «не предлагаем ему преследовать ислам, подобные крутые меры ведут всегда к противным результатам» [12].
Өкінішке орай Ресей үкіметі XІX ғасырдың ортасынан бастап мұсылмандық халықтардың ішінде, оның ішінде қазақ арасында миссионерлік саясатты өте қарқынды жүргізді. Бұл саясаттың әсері Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген қазақ руларына да тигені белгілі. Жаппай христиандық дінді қабылдамаса да халықтың арасында шоқынғандар болды, ал басым бөлігі осы саясаттың себебінен Ресейді жек көруге мәжбүр болды.
XІX ғасырдың екінші жартысында ислам дініне қатысты еңбектер жазған зерттеушілердің ішінен Г.Н.Потанинның еңбектерін ерекше атауға болады. Ол қазақ арасындағы ислам туралы арнайы еңбек жазбағанымен исламның оң және теріс әсерлерінің солтүстік аймақтың қазақтарына қалай әсер еткені туралы байыпты пікірлерін білдіреді.
Мұсылман дінінің қазақ халқына ықпалы туралы Г.Н.Потанин 1895- жылы Көкшетауға келген сапарының күнделігінде жақсы жазған. Жас кезінде Шоқан Уәлихановпен дос болған, қазақ ауыз әдебиетіне ғылыми тұрғыдан баға беруге асыққан, фольклорист және этнограф Г.Н.Потанин осы жылы Көкшетау қазақтарының ауыз әдебиет үлгілерін жинақтау үшін арнайы сапармен Сырымбетке келіп, екі ай бойы Шоқанның туыстарының арасында болып қазақ халқының тұрмыс - тіршілігімен ауыз әдебиеті үлгілерін жинағаны белгілі. Сонымен қатар ғалым - зерттеуші қазақ халқының күнделікті тіршілігінде мұсылмандықтың үйреншікті болып кеткенін де жазады.
«Мусульманско-клерикальное направление с каждым годом усиливается в степи. Отдельные киргизские семейства или лица, вначале подчиняются русскому влиянию, наконец поддаются и поглащаются общим течением. Несколько десятков лет назад положение дел, может быть, было благоприятное для проникновения европейских идей в киргизскую среду. Мулл из киргизов было мало, большей частью это были казанские татары, свои киргизские муллы если и были, то это ученики казанских мулл. Теперь это изменилось: с завоеванием Туркестана молодые люди из киргизов стали уезжать в святую Бухару, они изучают там персидский и арабский язык и мусульманский закон, возвратившись на родину, становятся муллами» [13].
Г.Н.Потанин Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы қазақтардың өміріне араб-парсы мәдениетінің әсері бар екенін, Бұхара медреселерінде оқып келген жастардың көпшілігі европалық білімнен хабарсыздығын, адамға қажетті білімнің жұтаңдығын тілге тиек етеді. Ғалым қазақ халқының болашақтағы тағдыры европалық білімге жол ашылса ғана нәтижелі болмақ деген Шоқан ойларын қостайды.
Қазақстанның солтүстік аймағындағы ислам діні туралы пайымдаулар А.Е.Алекторовтың «Из истории развития образования среди киргизов Акмолинской и Семипалатинской областей» аталатын мақаласында кездеседі. Қазақ жерінде Ресейлік білім жүйесін орнықтыруға үлкен еңбек сіңірген А.Е. Алекторов оған негізгі кедергіні мұсылман дінінен көреді. Автор бұл мақаласын «Вопрос о развитии среди киргизов русского образования тесно связан с религией этого полукочевого народа - мусульманством, отрицанием всего не мусульманского » деп бастайды.
А.Е.Алекторов солтүстік аймақтарда мұсылман дінінің орнығуына Орынбор, Ор, Троицк, Петропавл, Семипалат қалаларында орныққан қазан татарлары кінәлі деп есептейді - «благодаря им, киргизы, этот весьма способный и воспримчивый народ, все более и более омусульманивается и отатаривается» [14].
А.Е.Алекторовтың жазбаларында Ақмола мен Семей облыстары қазақтарының арасында мұсылман дінінің ықпалын салыстыратын да пікірлер бар. Автордың пікірінше Ақмола облысының қазақтары мұсылман діні ғұрыптарын көбірек тұтынады: «причем киргизы Акмолинской области более пропитаны «истинами» Корана, нежели Семипалатинские, еще сохранившие в некоторой степени свою первобытную простату»[15].
Белгілі шығыстанушы В.В. Бартольд «из всех народов турецкого происхождения особенное внимание исследователей обращали на себя, по своей многочисленности и по обширности занимаемой территории, киргиз-кайсаки, об этом народе на русском языке существует обширная литература, рассеянная по различным периодическим изданиям» »[16] деген болатын.
Революцияға дейінгі ислам дінінің Қазақстанның солтүстік аймағындағы жағдайын зерттеу осындай деңгейде. Кеңестік кезеңде де біршама зерттеулер болса, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі деректер саны көбейе түсуде .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Левшин А.И. Описание киргиз казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей.-Алматы,1996.-313б
2. Михайлов М. Киргизы. //Литературная библиотека. 1867. июнь.// Т.6.кн.1-2 -СПб., 1867. -283б.
3. Радлов В.В. Из Сибири. Страницы дневника. -М.,1989.-302б.
4.Фазлаллах ибн Рузбихан. Михман наме-йи Бухара» / Записки Бухарского гостя/. Перевод, предисловие и прим.Р.П.Джалиловой. Под.ред. А.К.Арендса. -М.,1976. -106б.
5. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков». -Алматы, 1998 . -55б.
6. Броневский Г. Заметки о киргиз-кайсацкой Средней Орды //Отечественные записки.// №123 -СПб., 1830. -95б.
7. Красовский М. Область сибирских киргиз. Ч.з.-СПб., 1868. -59б.
8. Гейнс А.К. Киргиз-Кайсаки (в Зауральской степи)// Собрание литературных трудов.Т.1.-78б.
9. Гейнс А.К. Аталған еңбекте. -78-79бб.
10. Валиханов Ч. Ч.Собрание сочинений в пяти томах. Т.4.-Алма-Ата, 1985. -71б.
11. Валиханов Ч. Ч. Аталған еңбекте. -80б.
12. Валиханов Ч. Ч. Аталған еңбекте. -73б.
13. Потанин Г.Н. В юрте последнего киргизского царевича. Из поездки в Кокчетавский уезд/ // Избранные сочинения в трех томах. Т3. Труды по истории, этнографии и фольклору. -Павлодар, 2005. -110б.
14. Алекторов А.Е. Из истории развития образования среди киргизов Акмолинской и Семипалатинской областей» //Религиозные обычаи и обряды казахского народа//. -Астана, 2007. -66б.
15. Алекторов А.Е. Из истории развития образования среди киргизов Акмолинской и Семипалатинской областей» //Религиозные обычаи и обряды казахского народа//. -Астана, 2007. -67б.
16. Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России. -М., 1925. -250б.
Сейтказина Құралай Отаубайқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы
«Ақиқат» журналы