Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 20520 0 пікір 14 Мамыр, 2009 сағат 06:39

РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Әбіл ПЕРЗАДАЕВ, психотерапевт.
Ол туралы сіздің білгіңіз келе ме? Осындай ой мені көптен толғандырып жүретін. Себебі мен бірнеше жылдар бойы жүйке кеселдерімен айналысып келемін. Ал соңғы 25 жылдың ішінде рухани денсаулық мама­ны болып қызмет етіп, оны анықтау және емдеу тәсілдерін жете меңгердім. Бірнеше жылдар бойы игерген теориялық және практикалық біліміммен газет оқырмандарына қысқаша және оларға ұғынықты түрде мәлімет беруді жөн көрдім. Ондағы негізгі ой: кеселдің алдын алып, уақтылы дәрігерге көріну – ұлт денсаулығына, ел қауіпсіздігіне қосқан тамшыдай болса да үлес болар еді деген мақсат.

Әбіл ПЕРЗАДАЕВ, психотерапевт.
Ол туралы сіздің білгіңіз келе ме? Осындай ой мені көптен толғандырып жүретін. Себебі мен бірнеше жылдар бойы жүйке кеселдерімен айналысып келемін. Ал соңғы 25 жылдың ішінде рухани денсаулық мама­ны болып қызмет етіп, оны анықтау және емдеу тәсілдерін жете меңгердім. Бірнеше жылдар бойы игерген теориялық және практикалық біліміммен газет оқырмандарына қысқаша және оларға ұғынықты түрде мәлімет беруді жөн көрдім. Ондағы негізгі ой: кеселдің алдын алып, уақтылы дәрігерге көріну – ұлт денсаулығына, ел қауіпсіздігіне қосқан тамшыдай болса да үлес болар еді деген мақсат.
Сонымен, неврапотолог маманы орталық және шет нерв жүйесінің кеселдерімен айна­лысады. Яғни, сол ағзалардың зардаптарынан шығатын ауру­лар­ды: ми қабықтарының қа­бынуы (менингит), мидың өзінің қабынуы (энцефалит), миға қан құйылуы, қан тамырлары жа­рылып немесе тамырлардың қысылып қан жүрмей қалуы (ин­сульт) және жұлынның ке­селдері, шет нервтердің қабы­нуы, қысылуы сияқты көптеген сырқаттарды емдеу тікелей міндетімізге жатады. Бұларды да көбіне жүйке кеселдері деп атайды. Бірақ та адам ағзасында физиологиялық қозушы және тежеуші процестердің болып тұратынын білген жөн. Бұл негізінен үлкен ми қыртысының жағдайымен анықталып отыра­ды. Ал үлкен ми қыртысының қызметінің өзгеруі – рухани денсаулықтың өзгеруіне әкеліп соғады.
Рухани денсаулық (жан дүниесінің) кеселдері екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі, терең күйзеліске ұшыраудың психи­калық әсерлері, екіншісі, әлсіреу салдары немесе шекаралық жағдайға душар болу. Мұның мәнісі мынада: дені сау, рухани денсаулығы өзгермеген жандар бар. Олар бақытты тату-тәтті өмір сүріп жатады. Солардың ішінен кейбір азаматтардың өмірдегі кездейсоқ қолайсыз жағдайларға байланысты (ішім­дікке салынудан, ұрлық-сұм­дық­пен айналысудан, т.б.) рухани денсаулығы өзгереді, кемиді. Бойда өзгеше белгілер пайда бола бастайды. Олар: ұйқының қашуы, бастың ауыруы, көңіл қо­шы­ның болмауы, қорқақтық қасиетінің пайда болуы, айна­ласындағыларды жақтырмау, сөз көтермеу, әлсін-әлсін жүректің соғуы немесе тоқтап қалу қаупі. Осындай өзгерістерді рухани денсаулықтың (жан дүниесінің) әлсіреуі немесе шекаралық жағдай деп атайды. Рухани дүниесі әлсіреген кеселдерге жүйкенің әлсіреп, тозуы (асте­ни­ческий невроз немесе пси­хастения), есірік (истерия), сер­пілістік жүйкенің әлсіреуі (реак­­тивный невроз), т.б. толып жат­қан жағдайларды айтуға болады.
Мұндай кезде науқас кісілер тікелей рухани терапевт (психо­терапевт) маманына баруы керек, ал ол рухани терапевтік көмек деп аталады.
Шынтуайтына келгенде, рухани терапевтік көмек рухани денсаулығы әлсірегендермен қатар рухани денсаулығы сау адамдарға да өте қажет. Бірінші жағдайда, рухани денсаулық әрі қарай әлсіреп, терең күйзелістің алдын алу, екінші жағдайда, рухани денсаулықтың әлсіреуіне жол бермеу үшін керек.
Рухани терапевтік көмек әр елде әртүрлі деңгейде дамыған. Мысалы, Америка Құрама Штат­тары мен Батыс Еуропа ел­дерінде әр салада дамыған, ере­сек кісілерге арналған немесе отбасылық рухани терапевтер болады. Ал көршілес Ресейде Денсаулық сақтау министрлігінің 1999 жылғы 27 шілдедегі №337 бұйрығы бойынша бұл саланың кең өріс алуына жол ашылған. Өз елімізге келетін болсақ, Денсаулық сақтау министрлігі өзінің 1997 жылғы 31 наурыздағы №147 бұйрығында рухани тера­певтік көмекті одан әрі жетілдіру жолы айрықша көрсетілген болатын. Оған соңғы жылдары адам жан дүниесінің әлсіреуі кеселдерінің көбейе түсуі себеп болса, екін­шіден, елімізде нарықтық эконо­миканың енуіне байланысты адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының өзгеруі жалпылама рухани денсаулыққа өзгерістер енгізді және енгізе бермек. Осы тұрғыдан алғанда, бұл ең алдымен кеселдің алдын алу мақсатында жасалған, ұлттың жан дүниесін нығайтуға арналған тікелей шара болып табылады. Бірақ та осындай іс-шаралар дені еліміздің барлық жерінде енгізілмеді. Оған әртүрлі объек­тивті және субъективті жағдайлар мүмкіндік бермеді. Бір атап өтерлігі, соңғы жылдары көпте­ген жерлерде психотерапевтік кабинет жұмыс істей бастады. Әсіресе, Астанада биылдан бастап көптеген емханалардың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілуіне байланысты қалалық денсаулық сақтау департаменті біраз рухани-терапевт (психо­терапевт) мамандарын штатқа кіргізіп, емханаларда осы салаға байланысты кабинеттер ашты. Олардың жұмыс істеген мерзім­дері жарты жылдан асып барады. Осы уақыт ішіндегі психо­те­рапевтік көмектің деңгейі жоғары деп айту әзірге жеткіліксіз.
Жоғарыда айтқанымыздай, жан дүниенің терең күйзеліске ұшыраған түрін емдейтін дәрі­герді психиатр, саланың өзін пси­хиатрия дейді. Мұндағы “псих” – жан дүние (душа) бол­са, “иатрия” – емдеу (лече­ние). Сонда психиатр дегеніміз – жан­терапевт (душатерапевт) деген мағынаны білдірсе, психикалық кеселдер (душевная болезнь) жан дүние кеселдері. Ал жан дүние­нің әлсіреуі немесе шекаралық жағдайға душар болуын емдейтін маман рухани терапевт деп аталады. Бұлар бірінші кезекте жанды емдейді. Сондықтан, сескенудің, қорқудың, үрейле­нудің ешбір қажеті жоқ.
Ал жан дүниені емдеу, бұл тек дәрігерлердің үлесі емес. Бұл кеудесінде жаны бар әр азамат­тың міндеті. Ол дегеніміз – адамдардың бір-бірімен жылы сөйлесуі, бірін-бірі сыйлауы, дүниеқоңыздыққа көп салын­бауы, пенделік ойлардан аулақ болуы. Өзінің елін, жерін сүйе білуі, халқын қадірлеуі. Осының бәрі рухани денсаулықтың негізгі көзі. Бұл ғасырдан ғасырға келе жатқан ата-баба дәстүрі.
Астана.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371