2010 жылы Өзбекстанда астық өнімі 4,4%-ға артып, 7,716 млн тоннаға жетті – мемлекеттік статистика комитеті (техқайталау)
Ташкент. 9 қараша. ҚазТАГ – 2010 жылы Өзбекстанда жиналған астық 2009 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға артып, 7,716 млн тонна көлемінде жиналды, деп хабарлайды республиканың мемлекеттік статистика комитеті.
Статистика мекемесінің мәліметтеріне сәйкес, дәнді дақылдардың жалпы түсімі 4,2%-ға, 7,206 млн тоннаға дейін артты. Соның ішінде бидай өндіру 4,1%-ға, 6,910 млн тоннаға көп.
Дәнді-масақты дақылдарды мемлекеттік сатып алу көлемі 2,611 млн тоннаны (өсім - 0,5%) құрады, оның ішінде бидай – 2,535 млн тонна (өсім - 0,7%).
2010 жылы бидай өсірудегі шаруа қожалықтардың үлесі 84%-ға артты, 2009 жылы 81,4% болған, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындардың үлесі 2009 жылғы 1,5%-дан 0,9%-ға дейін азайды (жиналған астықтың қалған бөлігі үй шаруашылықтарына тиесілі).
Мемстаткомның мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылы дәнді дақыл егілген алқап 3,3%-ға артып, 1,611 млн га құрады, оның 1,466 млн га (өсім- 8,5%) бидайға берілді.
Өзбекстан 90-шы жылдардан бастап дәнді дақыл егістіктерін кеңейтіп, 4,5 млн тоннадан көп өнім алу туралы мемлекеттік тапсырма қойған. Алайда бұл мақсатқа алғаш рет 2002 жылы қол жеткізілді.