Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2379 0 пікір 9 Қараша, 2010 сағат 07:35

Жоғалып кеткен ер бала мен қыз баланың денелері Өскемендегі қазаншұңқырдан табылды

Өскемен. 9 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облыс орталығында кен қалдықтары тасталған қазаншұңқырдан бір ай бұрын жоғалып кеткен ер азамат мен қыз баланың денелері табылды, деп ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Судағы баланың денесін балықшы көрген. Оның хабарлау бойынша қазаншұңқырға судан құтқару қызметі мен полицейлер барды. Алдымен қазаншұңқыр табанынан автомобиль табылды, кейін қыз баланың да денесі табылды», - деді сейсенбі күні департаменттегілер.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, бір ай бұрын 25 жасар ұл бала мен қыз бала «Жигули» автокөлігімен түнгі қаланы аралап кеткен. Куәлардың айуынша,  оларды соңғы рет қаланың Үлбі ауданындағы жағажайда көрген. Бірнеше апта бойына судан құтқару күштері Ертіс өзенінің табанын сүзіп шыққанымен, одан ешқандай нәтиже болмаған.

Алдын ала болжам бойынша жастардың қазасы көлікті абайсыз басқарудан болған. Жыл басынан бері барлығы облыс су қоймаларында 45 адам суға кетіп, оның ішінде техникалық құралдарды абайсыз басқарудан 14 адам суға кеткен. Қазір Зайсан көлінде үш балықшыны іздестіру жалғасуда, бұл ретте, департаменттегілердің айтуынша, «оларды тірі табу мүмкіндігі шамалы».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512