Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
5439 1 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 08:22

Мәскеуде белгісіз біреулер журналист Юлия Латынинаның үйіне газ шашып кеткен

Мәскеуде өткен түнде белгісіз біреулер журналист Юлия Латынина тұратын үйге шабуыл жасаған. "Эхо Москваның" хабарлауынша, шабуылдаушылар үйге құрамы белгісіз газ сеуіп кеткен.

Латынинадан басқа тағы да жеті адам зардап шеккен. Олардың ішінде төрт қарт кісі мен екі сәби бар. Журналист полиция шақыруға ниетті емес. "Бұл комедияға мен араласпаймын", – деп мәлімдеді Латынина.

Былтыр тамыз айында белгісіз біреулер Юлияның үстіне нәжіс құйып кеткен. Кейін ол өзіне жасалған шабуыл кәсіби қызметіне байланысты екенін мәлімдеді. Бірақ тергеу ісі нәтиже бермеген.

Юлия Латынина саяси шолушы және экономикалық сарапшы ретінде жақсы танымал. Саяси фантастика және саяси-экономикалық детектив жанрындағы романдардың авторы. Филология ғылымдарының кандидаты. Үнемі «Эхо Москваға» пікір білдіреді, «Коммерсантъ» және «Ежедневный журнал» басылымдарына жазып тұрады. Ресей билігінің істерін қатаң сынға алатын журналистердің бірі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1002
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2550
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 702
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 674