Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3218 0 пікір 9 Қараша, 2010 сағат 08:04

Сайлау Байбосын. Мәшһүр-Жүсiптiң жұмбағы

Кейiнгi 7-8 жыл бойы Ресей баспа­сөзiнде 75 жыл жер астында жатып, қайтадан қазылып алынған Будда дiндары Хамбо-Лама Даши-Доржи Итигэлов жайлы үзбей жазылып келедi. Кезiнде сенсация iздеген елдi бiр шу еткiзген, Бурятияның Иволга дацанында (буддалықтардың дiни ғибадатханасы) болған бұл оқиға әлi де ауыздан түсер емес.

Хамбо-Лама Итигэлов жайлы естi­мегендер үшiн қысқартып айтар болсақ, ол 1852 жылы Бурят жерiнде дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылып, дәулеттi адамдардың қойын бағады. Бiрақ сол кезде-ақ "Тибетке барып оқимын, Будданың жолын қуамын" дегеннен айнымайды екен.

Кейiнгi 7-8 жыл бойы Ресей баспа­сөзiнде 75 жыл жер астында жатып, қайтадан қазылып алынған Будда дiндары Хамбо-Лама Даши-Доржи Итигэлов жайлы үзбей жазылып келедi. Кезiнде сенсация iздеген елдi бiр шу еткiзген, Бурятияның Иволга дацанында (буддалықтардың дiни ғибадатханасы) болған бұл оқиға әлi де ауыздан түсер емес.

Хамбо-Лама Итигэлов жайлы естi­мегендер үшiн қысқартып айтар болсақ, ол 1852 жылы Бурят жерiнде дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылып, дәулеттi адамдардың қойын бағады. Бiрақ сол кезде-ақ "Тибетке барып оқимын, Будданың жолын қуамын" дегеннен айнымайды екен.

Қайтсе де бiлiм алуға құмартқан ол жасы 15-ке келгенде өз тұрағынан 300 шақырым жердегi Ачинск дацанына жаяулап қашып барып, Будда iлiмiн игере бастайды. Соңынан үлкен дiни және қоғам қайраткерiне айналған ол патшалық Ресей үкiметi тарапынан да қолдау тауып, екi ел арасында өтетiн түрлi дiни, қоғамдық шараларға атсалысып жүредi. Саналы ғұмырын Будда iлiмiне арнаған ламаның соңында буддалық философия мен Тибет медицинасына арналған, көне моңғол тiлiнде жазылған 50-ден астам кiтап қалған екен. Қолжазбалар кеңес өкiметi орнап, дiни наным-сенiм қудалауға түскенде, жер астына тығылған көрiнедi. Олар қазiр ғана табылып, құпиясы ашылуда. Ал 2005 жылы 30 наурызда ламаның тұлғасын одан әрi құпия­ландыра түсетiн тағы бiр қолжазбасы табылған. Онда Итигэлов өзiнiң 12 мәрте реинкарнацияны (адамның тәнi өлгенiмен, жаны өлмей, басқа бiреуге ауысады деген түсiнiк) бастан кешкенiн жазыпты. Қолжазбаның мәтiнi бойынша оның бесеуi Үндiстанда, бесеуi Тибетте, екеуi Бурятияда болған көрiнедi.

Ең қызығы, 1927 жылы 15 маусымда 75 жастағы Хамбо-Лама медитация жасап отырып, ешбiр ауырып-сырқамастан (саналы түрде) о дүниеге аттанып жүре бередi. Буддашыларға тән лотос күйiнде отырған ол шәкiрттерiне өлiм аузында жатқан адамға арналған "Һуга Намши" дұғасын оқуды бұйырады. Бiрақ шәкiрттерi тiрi отырған ұстазының алдында ол дұғаны оқуға дәттерi бармайды. Сосын дұғаны Хамбо-Ламаның өзi бастап, оны шәкiрттерi қостап, ұлы ұстаз бiржола мәңгiлiктiң әлемiне аттанып жүре бередi. Ламаны денесi өзiнiң өсиетi бойынша майқарағайдан жасалған қорапқа салынып, оған тұз толтырылып, содан соң 1,5 метрлiк тереңдiкке көмiледi.

Ұлы Лама көз жұмғасын бiрер жылдан кейiн Бурятияда дiн иелерiн қудалау нау­қаны басталады да, шәкiрттерi жаңа өкiмет бүлдiрiп жүрер деген қауiппен, оның зиратын жермен-жексен етiп тастайды. Тек 1955 және 1977 жылдары Хамбо-Ламаның денесi бүлiнбегенiне көз жеткiзу үшiн өздерi құпия түрде екi мәрте қазып алып көрiптi. Кеңес билiгi құлағасын Итигэловтiң тағы бiр өсиетi табылып, онда ол өз мәйiтiн 2002 жылы бiржола қазып алуды тапсырған екен. Сөйтiп, оның бұл өсиетi орындалып, Ресей буддашыларының бүгiнгi басшысы Пандито хамбо-лама ХХIV Дамба Аюшеевтың рұқсатымен қазылып алынып, жалпы жұртшылықтың назарына ұсынылады.

Таңғаларлығы, 75 жыл жер астында жат­қан ламаның денесi ешбiр бүлiнбеген көрiнедi. Бүлiнбегенi сол, терiсi тiрi адамдiкiндей қызғылт түстi, буындары жеңiл қозғалады дейдi.

Ал ғибадатхананың iшiнде дiни рәсiм жүрiп жатқан уақытта оның денесi кәдiмгiдей терлеп, қызуы 36-37 градусқа дейiн көтерiлiп, қатты терлейтiнi соншалық, жiбек желбегейден өтiп кетедi екен.

Ламаның шашы мен тырнағынан, терiсiнен үлгiлер алып тексерген Ресейдiң сот-медициналық сараптама орталығы олардың тiрi адамға тән екенiн айтқан. (Тек бiр аяғында болмашы жара бар екенi байқалған. Таңғаларлығы, Мәшһүр бабамыздың да бiр аяғының тырнағында түйреуiштiң басындай қарайған болған деседi).

Қысқаша айтқанда, бүгiнде Хамбо-Лама Итигэлов тек Ресей ғана емес, әлем ғалымдарына шешуi қиын жұмбақ болып отыр.

Бiр өкiнiштiсi, Ресей басылымдары бұл секiлдi бұзылмай сақтал­ған мәйiттер Азия аумағында тек Қытай мен Жапонияда, Вьетнамда ғана кездеседi, бiрақ олар жансыз мумиелер, iшкi құрылыстары алынып, бальзамдалып тасталған дейдi. Тiптi ресейлiк кейбiр ақпарат құралдары: "Ғалымдар осыған ұқсас мысалды дүние жүзiнен iздеп, таба алмады" деп жазғанын оқығанда, апырмау, мыналар iргесiнде тұрған қазақ жерiнде дәл осындай жағдайда өмiрден озып, ешбiр бальзамдаусыз 21 жыл ашық қабiрде жатқан Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы деген адамның болғанын шынымен бiлмей ме деп ойлайсың.

Бiр айта кетерлiгi, Мәшһүр-Жүсiп пен Хамбо-Лама - замандас адамдар. Лама 1852 туса, Мәшһүр-Жүсiп 1858 жылы дүние­ге келген. Будда ламасы 1927 жылы 75 жасында өмiрден озса, Мәшһүр бабамыз 1931 жылы күз айларының соңына қарай 73 жасында бақилыққа аттанады.

Бүгiнде Мәшһүр-Жүсiп Кө­пей­ұлының әдеби мұралары жан-жақты зерттелiп, том-том кiтап болып шығып жатыр. Республика жұртшылығы ол кiсiнi көбiнесе ақын, тарихшы, этнограф, фоль­клоршы, аудармашы, шежiрешi, дiн қайраткерi ретiнде бiледi. Ал оның ерекше қасиет иесi болғаны жөнiнде осы төңiректегi аймақтық басылымдарда болмаса, көп жазыла қойған жоқ. Шындығында, Мәшһүрдi кезiнде халыққа сонша танымал еткен ақындық, ғұламалығынан басқа, осы әулиелiгi, елден ерек қасиетi екенi даусыз.

Мәшһүр-Жүсiптiң көзi тiрi­сiнде жасаған талай кереметтерiн айтпағанда, оның ешқандай бальзамдаусыз, тұзға салынбай-ақ, 21 жыл бетi ашық қабiрде ешбiр бүлiнбестен жатқанын бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi!

Өзiнiң өмiрден өтер мезгiлiн алдын ала болжаған Мәшекең жарықтық: "73-ке келгенше балталасаң да өлмеймiн, 73-ке келген соң майға бөлесең де, одан әрi өмiр сүрмеймiн!" - дейдi екен.

Бұл жайдан-жай айтылмаған. Бес жасында-ақ әкесi Көпей сопы дiн жолына бағыттаған Мәш­һүрдiң бар саналы ғұмыры исламның игi жолынан аумай, оқу-бiлiм iздеумен, шығармашылықпен өткен. Жас уағында елдегi Байжан молла, Нәжмеддин хазiрет, Қамареддин ахон секiлдi адамдардан дiни бiлiмiн ашқан Мәшһүр кемелiне келген шағында ислам iлiмiнiң ордасы Орталық Азияға барып, Ташкент, Бұхара секiлдi жерлерде дәрiс алады.

"Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.

Самарқан, Бұқар, Ташкент бәрiн кезген,

Жасында бiр кем отыз тәңiрiм айдап", - дейдi өзi бұл сапары жөнiнде.

Осы Бұхара шаһарында оқып жүрген Мәшһүр бабамыз бiрде жұма намазынан келе жатса, үстiнде қара шапаны, қолында аса таяғы бар ақсақал адам алдын кес-кестей бередi. Үлкен кiсi ғой, жолын кеспейiн деп, Мәшекең бөгелiп, қол қусырып сәлем бередi. Әлгi ақсақал сәлем аларда қолындағы аса таяғын жерге шанша салады. Басында темiрi жоқ жаңағы таяқ жерге қадала кiрiп, дiрiлдеп тұра қалса керек. Кенет таяғын қайтадан қолға алған қария Мәшһүрдi үш айналып, о жер, бұ жерiнен таяғымен түрткiлеп, "жетпiс екi, жетпiс үш" деп керi айналып жүре бередi. Аң-таң болған Мәшекең мына кiсi маған 72-73 сағатта өлесiң деп кеттi ме деп айран-асыр болады. Үйге келiп ұйқыға жатқан соң, түсiне аруақтар кiрiп, мазасын алып шығады. Сөйтiп, шалдың айтқан 72-73 сағатынан аман-сау өтедi. Ендi 72-73 күнде дәмiм таусыла ма деп, күн санауға айналады. Бұдан да сау-саламат өткесiн, ғұмырының 73 жыл боларына сенедi.

Мәшһүр-Жүсiпке ерекше қасиет қонуына байланысты мынадай тағы бiр әңгiме бар. Бұхарада шәкiрт болып жүрген кезi екен. Бiрде монша iздеп көшеге шықса, алдынан бiр ақсақал адам кез болып:

- Жүр, балам, мына жерде монша бар, - деп бастай жөнеледi. Сәл жүрген соң шағындау, көзге қораш бiр моншаға әкелiп кiргiзiп, Мәшкеңдi шешiндiрiп, арқа-басын ысып, кәдiмгiдей жуындырады.

«Е, осындайды кәсiп етiп жүр­ген­ бiр­ мүсәпiр екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр атамыз қызметi үшiн деп шалға ақша ұсынса, ол алмайды. Iшiнен: "Апырмай, шайхы адам екен ғой" деп ойлаған Мәшкең рақметiн айтып, сәл былай ұзай бере, артына қараса, монша да, жаңағы шал да жоқ. Бұның не керемет екенiн түсiне алмаған ол ертеңiнде медреседегi ұстазына баян етедi. Ол қуана тыңдап: "Балам, құдай жарылқаған екен, сенiң барғаның Қожа Бахауеддиннiң моншасының орны едi. Саған назары түсiп, шомыл­дыр­ған өзi болар, сiрә. Ендi саған қасиет қонды, аузыңнан шыққан сөздiң бәрi лепес, қабыл болады!" - деп, қолын жайып, батасын берiптi.

Кезiнде қазақ даласын барынша аралап, Орталық Азия елдерiне бiрнеше мәрте сапарлап барған Мәшһүр-Жүсiп бабамыздың бар ғұмыры шығармашылыққа бағышталған дедiк. Сондай-ақ, тiрiсiнде әулие атанып, халық пiр тұтып, жалғыз ауыз сөзiн жерге тас­тамаған ерекше қасиет иесi бол­ған. Оның осындай әулиелiгi мен көрiпкелдiгi, басқадай ерекше қасиеттерi жөнiнде адам нанғысыз талай-талай әңгiмелер бар. Олардың барлығын бұл жерде келтiруге мақаланың көлемi көтермейдi. Егер қызығушылық танытқан оқырмандар болса, алдағы уақытта жалпы жұртшылықтың назарына ұсынуға болар едi.

Баянауыл-Қызылтау төңiрегiн­дегi Құлболды-Күлiк­терден шыққан, Абылай заманында жасаған Жанақ әулие Жаңабатырұлы жайлы бiз өткенде жазған болатынбыз. Заманында "Қаһарлы Жанақ", "Доғал оқ Жанақ" атанып, қасиет­ дарыған бұл кiсiнiң "Аттым!" дегенi адам болсын, мал болсын мұрттай ұшып, өледi екен. 1914 жылы Мәшһүр-Жүсiп Сiлетi бо­йында жерленген Жанақ әулиенiң зиратын әдейi iздеп барып, басына түнеп, осы "доғал оғын" алып қайтады. Кейiн бұндай қасиет Мәшекеңе де қонып, ел iшiнде басбұзарлық жасаған бiрер адамға оны қолданған да екен.

Ендi жоғарыда айтылған жағдайға оралсақ, Мәшекең жасы 73-ке жеткен соң, Ескелдi деген қыстаудағы қазiр өзiнiң кесенесi тұрған төбенiң басын таңдап, сол жерден қабiрiн қаздырып, үстiнен қос бөлмелi үй салдырады. Әулие­нiң немересi, марқұм Сүйiндiк Шарапиденұлының ертеде жазылған бiр естелiгiнде бұл жөнiнде былай делiнiптi: "Жатар орнын (қабiрiн) үлкен келiнi Зейнептiң iнiсi Дұсжанға қаздырып, өзi үнемi қасында отырып, дұға жасап, енiн, ұзындығын, биiктiгiн екi жарым кез қылып алдырады. Ол бiткесiн әлi де көңiлi толмағандай, тағы бiраз тереңдету керегiн айтады. Бiраз қазған соң, күрек-қайла бiр ақ күлгiн түстi жалпақ тасқа тiреледi. Дұсжан:

- Моллеке, мына жалпақ тасты бөлектеп уақтайын ба? - деп сұрайды.

- Жоқ, Дұсжан, менiң де күт­кенiм сол едi, қиратпай тұтас ал, - деп, тағы бiр дұға оқиды. Кейiн биiктiгi бiр жарым, енi бiр кезге жуық, қалыңдығы 20-30 см. осы тасқа аты-жөнiн жаздырып, басына белгi етiп қойғызады.

Салынған зират үйдiң төргi бөлмесiндегi қабiрге өзiн ашық қоюды өсиет етедi.

Ауызғы бөлмеге өзiнiң күн­делiктi пайдаланатын кiтап-құрандарын, ыдыс-аяқ, ер-тұрман, насыбай үккiш, т.б. заттарын қойғызады. Және насыбай шақшасында әрдайым насыбай болуын да тапсырады.

- Қысы бар, жазы бар, әрi-берi өткен жолаушылар түнер болса, барлық мүлкiмдi пайдалансын, бiрақ, жуып, тазалап, қайтадан орнына қойып кететiн болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып, ешкiмге бас салмаймын.

Мен өлген соң, 40 жылға дейiн денем бұзылмайды, тiрi адам көзi көредi. Тек жаздың ыстық айларында ақыретiмдi айырбастап отырыңдар, қыста қажетi жоқ. Сонда көздерiң жетедi", - деп өсиет айтыпты.

Шынында да, өзi айтқандай, соңынан кейбiр адамдар әулиенiң қабiрiне түскенде, әрдайым бiр хош иiс аңқып тұрады екен.

Сүйiндiк марқұм былай дептi:

- 1946 жылы Сәбит Мұқанов келiп, қабiрдiң iшiне түскен едi. 1950 жылы өзiм де түсiп, денесiн сипаған едiм, сонда жадағай жерде жатса да, бiртүрлi хош иiс шығып тұрды. Ешбiр құрт-құмырс­қа, көрдi жайлап алатын сасық күзен, тышқанның iзi бiлiнбедi.

Әулие Мәшһүр тiрiсiнде өзiнiң жаназа дұғасын да оқытады.

- Құдай алам деп отыр, Шәрәпиден мен Зейнеп бермеймiн деп отыр. Көпейұлы Жүсiпке құдай рақмет айласын! - деп сақ-сақ күледi екен жарықтық.

- Мен өлген соң келiп, бата жасамақ түгiлi, әркiм өз бас қайғысымен кететiн "тұрымтай тұсына" деген заман болады. Оны мен көрмеймiн, сендер көресiңдер, көресiңдер де, көнесiңдер, - дейдi екен.

Соңынан Мәшекеңнiң айтқанындай, 31-32-нiң ашаршылығы, 35-37-нiң қуғын-сүргiнi келiп, арты Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа ұласқанын бiлемiз.

Сөйтiп, Мәшһүр әулие 1931 жылы күзде мүриттерiн бiр апта бұрын шақыртып алып, әңгiме-дүкен құрып отырып, ауырмай-сырқамай дүниеден өтедi.

Ол кез екi адам бiрiн-бiрi жау санаған, кеңес билiгiнiң нағыз қаһарына мiнiп тұрған шағы. Өлген адамның ашық қабiрде жатуы, оның талай жыл бойына ешбiр бүлiнбеуi, халықтың Мәш­һүр рухына деген ерекше ықылас-құрметi қызыл белсен­дiлердiң мазасын алмай қоймасы белгiлi. Ақыры 1952 жылы Баянауыл аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Макин деген адамның нұсқауымен Мәшһүр-Жүсiптiң зираты құлатылып, жермен-жексен етiледi. (Ел адамдарының айтуынша, зиратты бұздырған хатшы да, оны бұзған адамдар да соңынан қарғысқа ұшырап, оңбай кетсе керек).

Бүгiнде Мәшекең есiмi қайтадан әспеттелiп, әдеби мұрасы зерттелiп, зерделенiп жатқанымен, ол барлық жұмбағын өзiмен бiрге ала кеттi. Тiрлiгiндегi әулиелiк, көрiпкелдiк қасиеттерiн айтпағанда, қалайша ешбiр бүлiнбестен 21 жыл бетi ашық қабiрде жатты? Егер зираты бұзылып, қиратылмағанда, әлi де неше жыл жатар едi? Және қабiрiн қаздыру үшiн басқа жер емес, Ескелдiдегi аталмыш төбенiң басын таңдауына не себеп?

Егер әлi күнге дейiн қабiрiнiң бетi ашық жатқанда, Мәшһүр-Жүсiп жұмбағы шешiлер ме едi?

Тiптi кейде қабiрiн қазып көрсе, қандай күйде екен деген пенделiк ойға да берiлесiң.

Бiрақ барлығы да Жаратушының билiгiндегi шаруа. Дегенмен, қазiргi ақпараттық технологияның дәуiрлеп тұрған шағында, Азия құрлығында дәл осындай қасиетке ие болған жалғыз Хамбо-Лама Итигэлов қана емес, дәл сол уақытта қазақ жерiнде Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы деген әулие болған деп Ресей БАҚ-тарына екi ауыз сөз жариялау ойымызға келмей жүр.


«ЖасАлаш» газеті. Түпнұсқадағы тақырып: «Хамбо-Ламаның құпиясына таңдай қаққандар Мәшһүр-Жүсiптiң жұмбағын бiле ме екен?»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512