Сенбі, 23 Қараша 2024
6297 2 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 09:52

Ақтөбеде қыз алып қашпақ болған екі жігіт сотталды

Ақтөбеде қыз алып қашпақ болған екі жігітке сот үкімі шықты. Сот бейтаныс қызды көшеден ұрлап әкетпек болған Санат Өмірзақты төрт жарым жылға бас бостандығынан айырса, оның сыбайласы болған Алдаберген Жұмажанов бес жылға сотталды.

Сот дерегінше, оқиға 2017 жылдың 14 маусымында Ақтөбедегі орталық базардың жанында болған. Сөз байласқан қалыңдығымен той алдында келіспей қалған жігіт орталық базар маңында кетіп бара жатқан бейтаныс қызды ұрлап әкетпек болған.

«Тойға әзірленіп жатқан туыстарының алдында ұятқа қалмау үшін 1996 жылғы ақтөбелік жігіт адам ұрлауға оқталған. Ол үшін сыбайлас досы екеуі төрт мың теңгеге келісіп, Хромтау қаласына дейін такси жалдайды. Алайда, такси жүргізушісі екі жігіттің адам ұрлау туралы пиғылынан хабарсыз болған», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алғашқы сот мәжілісіне келген жәбірленуші өзін орталық базардың күзетшілері құтқарып қалғанын айтқан.

Күдікті екі адамға қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағы («адам ұрлауға оқталу») бойынша айып тағылды. Сотталушылар жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387