Солтүстік Қазақстан полицейлері Шудан келген отбасынан 200 кг марихуана алды
Петропавл. 11 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Жамбыл облысының Шу қаласының тұрғынынан 200 кг марихуана алды, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«СҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің бірігіп жүргізген оперативтік шаралары арқасында СҚО-ға ірі көлемде есірткі жеткізетіндер тұтқындалды, - деп баспасөз қызметінен хабарлады. – Полиция қолына СҚО-ға 200 кг марихуана жіберген Жамбыл облысының екі тұрғыны түсті».
Ұсталғандар Шу қаласында тұрады. 42 жасар отбасы бұрын осындай әрекеті үшін сотталған, ал 43 жасар оның әйелі бұрын сотқа тартылмаған.
СҚО ІІД бастығы Мұрат Үрімхановтың айтуынша, «қылмыстық жұп 8 қап марихуананы пияз тиелген жүк көлігімен жіберген. Есірткі иелері жүктің аман-есен Петропавлға жеткендігі туралы хабар алған соң, поезбен келген. Оларды Петропавлда жалға алған пәтерден ұстады».

Полицейлер ұсталған азамат 2005-ші жылы Петропавлға 250 кг марихуана жеткізгені үшін сотталған дейді. Қазір ұсталғандардың екеуі де тергеу абақтысында жатыр, оларға қарсы аса ірі мөлшерде есірткілік зат тасыған, сақтаған, сатпақшы болған деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалуда. Аталған бап санкциялары жеті жылдан, он екі жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді қарастырады». Полицейлердің мәліметтерінше, алынған есірткінің құны қара базарда Т8млн тұрады.