Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 10123 38 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:28

Қазақ тіліндегі латын әліпбиі 2017 жылдың аяғында қабылданады

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің мәлімдеуінше, қазақ тіліндегі латын әліпбиі осы жылдың аяғына дейін қабылданады.

26 шілдеде Астанада берген баспасөз конференциясында Сағадиев латынша қазақ әліпбиін құрастыруға арналған арнайы комиссия 13 сәуірде құрылғанын айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылдың аяғына дейін басылымдарды, құжаттарды және көше атауларын латынға аударуды тапсырған. Кейбір сарапшылар мұндай шараны қазақ мәдениетіне ерекше мән беру арқылы Ресейдің ықпалынан алшақтау деп бағалайды.

Қазақстан шамамен 80 жыл бұрын латын қарпінен бас тартып, криллица әліпбиіне көшкен еді.

1929 жылы совет билігі ислам дінін ұстанатын этностарды араб емілесінен латын әліпбиіне көшірген. Қазақстан 11 жыл бойы (1929 жылдан 1940 жылға дейін) қазақ тіліндегі латын әліпбиін пайдаланды, одан соң кириллицаға көшті.

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303