Жетісулықтар ЕХРО аясында байқаулар өткізуде
Халықаралық маңызға ие «EXPO-2017» көрмесін кеңінен насихаттау мақсатында Алматы облысында бірнеше байқаулар өткен. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Ең алғашқы конкурс «ЭКСПО шақырады» деп аталады. Жедел ұтыс ойын ағымдағы жылдың 24-мамыр күні жарияланған. Бұл ұтыс ойынына инстаграм әлеуметтік желісінің қолданушылары қатысты. Байқауға қатысу үшін @gaao2017 және @rsk.almatyobl инстаграмм парақшаларының оқырманы болып, конкурстық постпен өз парақшасына бөлісуі қажет болды. Байқауға 33 адам қатысып, барлығына «ЭКСПО-2017» логотиптері бар кәдесый өнімдері табысталды. Келесі «EXPO-2017 – балалар көзқарасымен» акциясы 1-маусым Балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аталмыш акция мереке қарсаңында Жастар саябағында өткізіліп, балаларға «EXPO-2017» көрмесі туралы ақпарат таратылып, мерекелік сыйлықтар мен ойыншықтар, брошюралар мен плакаттар табыс етілді», - деді Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының Консалтинг орталығының жетекшісі Сапаров Елдар.
Прогресс пен өңдірістің көрінісі бола білген «EXPO-2017» көрмесі келешекте еліміздің табысты әрі дамыған елдердің алдыңғы қатарында болатына сенімдіміз.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Abai.kz