Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 4474 1 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 16:04

Алматы облысында Як-12 апатқа ұшырап, бортындағы екі адам қаза тапты

Алматы облысы Жаркент қаласына жақын маңда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, оның бортындағы екі адам қаза тапты.

"2017 жылы 27 шілдеде таңертең Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылындағы жүгері алқабына Як-12 ұшағы құлап, жанып кетті. Бортында, ұшқышты қоса санағанда, екі адам болған, екеуі де қаза тапты", - деді ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Қазақстанның азаматтық авиация комитеті тергеу басталғанын хабарлады.

Як-12 - көп мақсатқа пайдаланылатын ұшақ түрі.

Abai.kz

1 пікір