Жұма, 22 Қараша 2024
5221 0 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 08:28

Атамекендіктер лидерін тіл емтиханына жібермесе, аштық жариялайтынын ескертті

"Ата Мекен" партиясының мүшелері лидері Өмірбек Текебаевты президенттік сайлауға түсу үшін мемлекеттік тілден емтиханға жіберуін талап етеді. Кері жағдайда қамауда отырған Текебаев пен оның өкілдері аштық жариялайтын болады деп ескертті.

Бұл жөнінде 27 маусымда Бішкекте "Ата Мекен" фракциясы атынан Жогорку Кеңеш депутаты Алмамбет Шыкмаматов пен партияның бір топ белсенділері мәлімдеді.

Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Өмірбек Текебаевтың емтиханға қатысу, қатыспауын тек сот шешеді деп мәлімдеген. Партия өкілдері "Ата Мекен" партиясы лидерін қолдап 40 мың адам қол қойған. Бірақ ол емтихан тапсырмайтын болса, сайлауға түсе алмайды.

"Бүгін Текебаев ісі бойынша сот оның қатысуынсыз өтті. Біздің қазір аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады," - деді партия өкілі Сасықбаева.

25 шілдеде Бірінші май аудандық соты Айбек Эрнисұлы Өмірбек Текебаевтың адвокатының сайлау құқығын қамтамасыз етіп, төлқұжатын қайтару жөніндегі ұсынысын қабылдаудан бас тартқан. Кейін ОСК оны емтиханға жіберу мәселесі бойынша сотқа жүгінуге кеңес берген. Текебаевтың үстінен коррупция ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол қамауда отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308