Қазақстанда күн райын болжаушылар 43 градусқа дейін ыстық болады деп ескертеді
Батыс Қазақстан облысының (БҚО) тұрғындарына СМС-хабарлама арқылы ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі деген ескертулер келіп жатыр. "Қазгидрометтің" БҚО бойынша инженер-синоптигі Анна Чурикова елде соңғы рет +41 градус ыстықтың 1952 жылы болғанын айтады.
Синоптик облыстың Ақжайық, Жанғалы, Бөкейорда және Қаратөбе аймақтарында +43 градусқа дейін көтеріледі дейді. Облыс орталығы Оралда +38 градусқа дейін ыстық болады, бұл температура тамыз айына дейін сақталады екен.
Қазақстанның Атырау, Маңғыстау өңірінде 28–29 шілдеде және Қостанай, Ақтөбе облыстарында 29–30 шілдеде ауа температурасы 40–43 градусқа дейін көтеріледі", – деп ескертеді "Қазгидромет".
Abai.kz