Миллиондап жалақы алғандар қызметтен қуылды
Парламенттің төріне тағы да жалақы тақырыбы «көтерілді». Осыдан қалаулылардың кейбірінің ызадан «ыстығы» көтерілсе, кейбірі ашынғаннан айғайлап жатты. Оның үстіне палаталық талқылауға шығарылған ел Үкіметі мен Есеп комитетінің «2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есептеріндегі жаға ұстатар жөнсіздіктерге қалай жол беретіндігіне бір бұрышта үйірілген Үкімет мүшелерінен жөндем жауап ала алмай, депутаттар онсыз да ширығып отырған еді. Оған «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» басшыларының былық-шылықтары жүктеме болды. Ал парламентшілердің көбі зейнеткерлік күніне деген қаражатын осы қорға сеніп тапсырған екен. Әлгіні естігенде, төрдегі төрағаның да жүйкесі сыр берді.
Парламенттің төріне тағы да жалақы тақырыбы «көтерілді». Осыдан қалаулылардың кейбірінің ызадан «ыстығы» көтерілсе, кейбірі ашынғаннан айғайлап жатты. Оның үстіне палаталық талқылауға шығарылған ел Үкіметі мен Есеп комитетінің «2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есептеріндегі жаға ұстатар жөнсіздіктерге қалай жол беретіндігіне бір бұрышта үйірілген Үкімет мүшелерінен жөндем жауап ала алмай, депутаттар онсыз да ширығып отырған еді. Оған «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» басшыларының былық-шылықтары жүктеме болды. Ал парламентшілердің көбі зейнеткерлік күніне деген қаражатын осы қорға сеніп тапсырған екен. Әлгіні естігенде, төрдегі төрағаның да жүйкесі сыр берді.
Алдымен, депутат Виктор Ро¬галев сөз алған. «Сұрағым – Үкі¬метке, – деді сәлемін қазақ тілінде айтқан Виктор Павлович, – Есеп комитетінің есебінде «Мемле¬кеттік жинақтаушы зейнетақы қо¬ры» (МЖЗҚ) төрағасының айлық жа¬лақысы 1 миллион теңгеден аса¬тындығы атап көрсетіліпті. Оның орынбасарлары 856 мың тең¬ге еңбекақы алады екен. Оны аз десеңіз, жылдың қорытындысы бойын¬ша осы қордың үш бас¬шы¬сына 75,5 миллион теңге сома¬сында сыйақы төленіпті. Бұған қса, қордың басшылығы өз бетін¬ше іссапарлық шығындардың, сон¬дай-ақ қызметкерлерінің ұялы бай¬ланысының шығындарының кө¬теріңкі нормасын орнатып ал¬ған. Енді қараңыздар, – деді өз әріп¬тестеріне қайырылған қалау¬лы. – Осының барлығы – сіз бен біздің зейнетақылық жинақтары¬мыз¬дың есебінен!» Байқасақ, МЖЗҚ-дағы жөнсіздіктер тек оның клиентте¬ріне ғана қатысты емес екен. Вик¬тор Рогалевтің ай¬туын¬ша, қордың қазіргідей қы¬сыл¬таяң шаққа қа¬ра¬май, теңге ша¬шып, «талтаң бас¬қан» басшы¬лары¬ның әкімшілік шы¬ғындарды ұл¬ғайтуы МЖЗҚ-ның таза та¬бы¬сы¬ның төмендеуіне әкеп соқ¬қан. «Нәтижесінде респуб¬лика¬лық бюджететтің кірі¬сіне 1 миллиард теңгеден артық қаражат түспей қалған! – деп са¬бақтады сөзін де¬путат, – Қор жаңы¬лыс ашылған жеке зейнета¬қы¬лық есепшот¬тар¬дың санын қыс¬қарту бағытында жұмыс жүр¬гізбейді, соның кесірі¬нен зейнет¬кер¬лік жасқа жеткен кей¬бір са¬лым¬шыларға жинақта¬ған сомасы тө¬ленбеуде. Сонда қор¬дың басшы¬лы¬ғы мен қызмет¬кер¬леріне төленіп кел¬ген осынша жо¬ғары жалақы, сыйа¬қы және бас¬қа да төлемдер не¬мен негіздел¬ген? Осындай сора¬қы¬лықтар үшін кім жаза тар¬та¬ды?»
Бір қызығы, бұлардың бәрін қа¬дағалауға Марченко мырзаның ко¬мандасы жауапты екен, бірақ ес¬кі әдетінше, ол Мәжіліске кел¬мей қалды. Сосын елдің ызаға булы¬ғып отырғанын байқап, Қар¬жы ми¬нистрі «басу» айтуға ниет¬тенді.
– Білесіздер ме, «МЖЗҚ» деген аб¬бревиатура қазіргі кезде оның то¬лық мемлекеттік ЖЗҚ екендігін біл¬дірмейді, оған Еуро¬па¬лық қай¬та құру және Даму бан¬кі қа¬тысу¬да. Ондағы мемле¬кет¬тік үлесті Ұлт¬тық банк басқарады. Сыйବқы¬ларға келсек, ЖЗҚ бас¬қару¬¬шы¬лары жұрттың зейне¬тақы¬лық жи¬нақтарынан алып қоятын ко¬миссиялар сомасын Қаржылық қада¬ғалау агенттігі бақылайды. Әйт¬кенмен, бұл жерде бәрібір мә¬селе бар. Оның үстіне тіпті жоғары жа¬лақысын қиып тастағанның өзін¬де, олар басқаға кетіп қалады деп қазіргідей жағдайда қорық¬пай-ақ қоюға болады. Осы себепті біз әлгі ЖЗҚ қызметкерлерінің сыйа¬қылар мен басқа да төлем¬де¬рін қысқарту туралы шешім қа¬был¬дауы үшін бұл мәселені Ұлт¬тық банкке қоямыз, – деп уәде ет¬ті Қаржы министрі Болат Жә¬мі¬шев. Бірақ мұндай жауап Мәжіліс бас¬шысының өзін қанағат¬тан¬дыр¬ма¬ды: «Бұл жерде шыдап отыру мүм¬кін емес! – деді Орал Мұха¬мед¬жанов. – Бұлай болмайды ғой, Бо¬лат Бидахметұлы! Бұл не мас¬қара, ағайындар-ау?! Зейнетақы¬лық қордың табыс¬ты¬лы¬ғы төмен¬деу¬де, кіріс құлдырау¬да, жинақ¬тар¬ға ештеңе қосылып жат¬қан жоқ. Бұлар болса, естен тан¬ды¬рар¬лық жалақы, 75 миллион сыйа¬қы ала¬ды. Ал біз оларды ақта¬ғымыз ке¬леді. Бұған басқаша атау беру ке¬рек емес пе?» деп ашын¬ды тө¬ра¬ға.
– Бәрі заңдастырылған жол¬мен төленген! – деп қол жаяды Есеп комитетінің төрағасы О.Өк¬сікбаев. – Олар – АҚ болып табы¬лады, меншік түрі – жекеменшік. Ак¬ционері ретінде мемлекеттің рет¬теуі «АҚ туралы» заңмен «тұ¬салған». Бәрін директорлар кеңесі өзі шешеді. Біз қаншама рет жүз пайыз¬дық акция пакеті мемлекет ие¬лігіндегі осы АҚ-тар жұмысын басқаша регламенттеу туралы ұсы¬ныс енгіздік. Өкінішке қарай, ол жасалмайды! – деген Омархан Өксікбаев тосын жаңалығын да қоса жеткізді: «Біздің ұсынысы¬мыз бойынша бүгін бұл АҚ-тың төра¬ғасы қызметінен бо¬са¬тыл¬ды!».
Әрине, депутаттар дабыл етіп кө¬терген мәселе мұнымен шек¬телмейді. Мәселен, бұған дейін 355 нысанды тексерген Есеп комитеті 113,9 миллиард теңгенің қаржы¬лық жөнсіздігін анықтаған. Тара¬та айтқанда, оның 12,8 миллиарды мақсатты жеріне пайдаланыл¬ма¬ған, 58,1 миллиарды – тиімсіз, бос¬қа жұмсалған, 25,2 миллиарды – «негізсіз» шығындалған. «Оу, не¬ге ел қаржысын талан-тараж ет¬кен шенеуніктерді аяусыз жа¬за¬ламайсыңдар!» деп «аттандаған» депутаттардың ашуы мынаны біл¬генде, су сепкендей басылды: қа¬лау¬лылар өздері заң жүзінде ондай ше¬н¬еуніктерді қудалауға тыйым са¬лып тастаған.
– Заңнамадан бұзушылықтар¬дың түрлерін классификация¬лау¬дың жойылуына байланысты, Әкім¬шіліктік кодекстен «тиімсіз», «не¬гізсіз», «мақсатсыз» шығындау сын¬ды бюджеттік заңнаманы бұзу¬шылық үшін әкімшіліктік қу¬да¬лау¬дың барлық нормалары алы¬нып тас¬талды! Тиісінше, бүгінде біз бюд¬жеттік заңнаманы аяқасты ет¬кен¬дерді жауапкершілікке тарта ал¬май¬мыз! – деді Омархан Өксік¬баев