Сенбі, 23 Қараша 2024
4029 0 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 10:13

Мәскеуде "Новая газетаның" өзбекстандық журналисі Әли Феруз ұсталды

Ресей астанасында "Новая газетаның" журналисі Әли Феруз ұсталды. "Медиазона" басылымының мәліметі бойынша, Өзбекстан азаматын редакцияға жақын маңда тоқтатып, полиция бөлімшесіне алып барған.

Маусым айының басында ресейлік билік Ферузге (шын есімі Худоберди Нұрматов) уақытша баспана беруге беруден бас тартты.

2012 жылы Феруз төлқұжатын ұрлатып алған. Отанына оралып, құжатты қалпына келтіре алмайды. Нұрматовтың сөзіне қарағанда, Өзбекстанда оған террористік ұйымдармен байланысы бар деген айып тағылуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371