Сенбі, 23 Қараша 2024
5022 3 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 10:19

Қазақстанда металлургтер мен кеншілер айлықты көтеруді талап етті

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында істейтін металлургтер мен кеншілер 1 тамызда айлықты көтеруін талап етті. Бұл арыздарын олар еңбек ұжымының конференциясында айтты. Жиналысқа Қарағанды облысының түрлі қалаларынан бірнеше жүз адам қатысты.

Жұмысшылардың бірі жалақыны кем дегенде 30 пайызға көтеру керек деп есептейді. Олар "мұндай талап қоюға құқылы екенін" мәлімдеді. Көбісінің айлығы 100 мың теңгеге де жетпейді.

"Біздің шыдамымыз таусылуға жақын. Айлық тамақ пен коммуналдық қызметті төлеуге ғана жетеді. Жұмысымыз ауыр. Айлықты көтеріңдер!", - деді делегаттардың бірі Светлана Фишер.

Жиналыста кәсіби мамандардың көбісі кете бастағаны айтылды. Айтуларына қарағанда, Ресейде кеншілер мен металлургтер айлықты көп алады. Олар айлықты көтеру мәселесін биыл көктемде де көтерген. Бірақ мәселе сол күйінде шешілмей қалған.

Кәсіподақ өкілдерінің хабарлауынша, жақын күндері компания басшылығына жұмысшылар талаптары хат түрінде жолданады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371