Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Біртуар 11772 7 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 12:31

75 жасқа келген Шаханов тізімде жоқ. Неге?

Бұл - 2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы мектепте өткізілетін ақындар мен жазушылардың мерейтойлары белгіленген күндер. Сонда мектеп оқушылары М.Шахановтың 75 жылдық мерейтойын атап өтпей ме? Шахановтың қазақ әдебиетіндегі орны ерекше емес пе еді?.. Шахановтай шайырды елемеген министр Сағадиевтің аты күндердің күнінде ұмыт болары анық, ал Шахановты халық есінде сақтайды. Сонымен, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударып көрейік: 

4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942ж.); 5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937); 17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл (1922-1993); 28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл (1932 ж); 15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936-2007); 2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889); 26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958); 12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 ); 12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006); 22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985); 15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007); Көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802- 1874); Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920); Қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922); 9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл (1882-1939).

Әрине, бұл тізімдегі тұлғалардың біріне мін таға алмайсыз. Олардың есімі қазақ елімен бірге жасай берсін! Бірақ, 75 жасқа келіп жатқан ақын ағаның аталмауы, тізімге енбеуі көңілге кірбің түсіргені сөзсіз.

Айман Сағидуллаева

Abai.kz

7 пікір