Сенбі, 23 Қараша 2024
5044 4 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 11:59

Медведев: АҚШ Ресейге сауда соғысын жариялады

Russian President Vladimir Putin (R) speaks with Prime Minister Dmitry Medvedev in the rain during a wreath-laying ceremony marking the anniversary of the Nazi German invasion in 1941, by the Kremlin wall in Moscow, Russia June 22, 2017. REUTERS/Sergei Karpukhin TPX IMAGES OF THE DAY

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциясы Мәскеудің Вашингтонмен қарым-қатынасын жақсарту туралы үмітін үзгенін мәлімдеді. "Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды" деді Медведев. Оның пікірінше, санкция режимі "ондаған жыл бойы сақталады" және шектеу "барлық саланы қамтитындықтан" оны АҚШ президенті Конгрестің келісімінсіз өз бетімен жоя алмайды. Медведев Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы "конгрестің құрамы мен президенттің кім екеніне қарамастан өте шиеленісті болатынын" айтады.

Дмитрий Медведев Ресей билігі "экономика мен әлеуметтік саланы дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді. "Біз қиындықты еңсереміз" деді премьер-министр.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий песков бұған дейін АҚШ-тың жаңа салған санкциясы "іс жүзінде ешнәрсені өзгертпейтінін" мәлімдеген. Песков Кремль АҚШ-қа қандай да бір жауап шараларын жасай ма деген сауалға "ондай шаралардың ендігі қабылданып қойғанын" айтқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2 тамызда Ресейге қарсы жаңа санкция салатын заңға қол қойған. Ол заңды мұның алдында АҚШ сенаты маұлдаған. Құжат Ресейдің мұнай-газ саласына салатын инвестиция көлемін барынша шектеп, Вашингтон кибершабуылдарға, коррупция мен адам құқықтарын бұзуға қатысы бар деп санайтын ресейліктерге қарсы жаңа санкция салады. Заң сонымен қатар Дональд Трамптың мүмкіндіктерін шектейді. Енді АҚШ президенті Ресейге қарсы санкцияны Конгрестің мақұлдауынсыз жоя алмайды. Трамптың өзі заңды өзінің өкілеттіктеріне "қол сұғады" деп санайды.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Кремль АҚШ жаңа санкция салса "қандай да бір жауап шараларын" жасайтынын мәлімдеген. Бұдан соң Ресей сыртқы істер министрлігі елдегі америкалық дипломатиялық миссия қызметкерлерінің санын қысқартуды талап еткен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364