Жексенбі, 10 Қараша 2024
4896 1 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 09:40

Журналист өзіне транссексуалды ер адамдардың шабуыл жасағанын айтады

Radar.kg интернет-сайтының бас редакторы Қарашаш Шакироваға Бішкекте шабуыл жасалды. Ол оқиғадан кейін ауруханаға түскенін хабарлады.

Оның сөзінше, милиция қызметкерлерінің рейдін түсіру жұмысы кезінде, "әйел киімін киген ер азаматтар" шабуыл жасаған.

"Маған әйел киімін киген ер адамдар - трансвеститтер шабуыл жасады. Біз милициямен бірге түсірілімге барған кезде, мас адамдардың айқайлаған дауыстарын естідік. Олар милиция қызметкерлерін көре салысымен, әйелдер ме, ер адамдар ма, түсініксіз милиционерлерді ұра бастады. Тағы да екі-үш милиция қызметкерлерін шақыруға тура келді. Олар менің камерамды сындырды, киімімді жыртты. Бойымдағы әшекей бұйымдарымды тартып алып, лақтырып жіберді. Басыма тас лақтырды. Қазір 4-ауруханада жатырмын. Дәрігерлер бас миымның шайқалғанын айтады. Денемде көгерген ісіктер бар", - дейді журналист.

Журналистің айтуынша, оқиға Бішкектегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ол болған оқиға жайында құқық қорғау органдарына арыз жазған.

Милиция бұл іс бойынша алты адамның ұсталғанын хабарлайды. Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Әділ Оморовтың сөздерінше, оқиғаға қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1164
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2729
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2767