Мәжіліс депутаты Темірболатов е-үкіметінің жүйесін әзірлеу барысында ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ескеруді талап етті
Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Мажіліс депутаты Серік Темірболатов е-үкіметінің жүйесін әзірлеу барысында ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ескеруі талап етті.
Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына сауал жолдаған депутат е-үкімет шеңберінде мемлекеттік органдардың ІТ-бағдарламаларын әзірлеу жобаларын шетелдік компанияларға беру тұрғысынан еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығын білдірді.
Сауалға бірнеше қоғамдық ұйым басшыларының үндеуі себеп болған.
«Қоғамдық ұйымдардың айтуынша, бұл компанияларға еліміздің министрліктері мен ведомстволары үшін электронды үкімет жобаларын әзірлеуді тапсыру оларға және шетелдерге кез-келген ақпаратқа, соның ішінде мемлекеттік экономикалық және әскери құпияларға еш кедергісіз қол жеткізуге жағдай жасап, мүмкіндік береді», - деп атап өтті С. Темірболатов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.
«Үндеу авторларының пікірінше, бұған кейбір қазақстандық шенеуніктер кінәлі, олар тіпті бұл шенеуніктердің аты-жөндері мен атқаратын қызметтерін атап көрсеткен», - деді мәжілісмен.
Ол жолдаған сауалына осы үндеуді қосты.