Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 07:39

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентік келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады, деп мәлім етті агенттік төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев.

«Қазір мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың қызметін жыл сайынғы бағалау туралы жарлығы әзірленіп жатыр, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр мемлекеттік органға түрлі бағыттар бойынша баға беру жоспарланған», - деді Ә. Көмекбаев сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

«Агенттік (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі – ҚазТАГ) екі бағыт бойынша баға шығарады: мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді қалай жүзеге асырады және екіншісі – қызметкерлерді іріктеу, қызметкерлермен жұмыс және оларды басқару. Кадрлардың ауыспалығына қатысты бір жылдың ішіндегі ауыспалылық жеке критерий болып табылады, мұндайда қызметкерлердің өз еркімен жұмыстан кеткен, жұмыстан шығарылғаны маңызды емес», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Ол «кадрлар жиі ауысатын болса, бұл факт осы мемлекеттік органға теріс балл әкеледі» деді.

«Бұл жоба бойынша бағалаудың нәтижелері мемлекет басшысының қарауына ұсынылады», - деді Ә. Көмекбаев.

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев атап көрсеткендей, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың құрылымында «командалық жемқорлық» деген құбылыс байқалып отыр.

«Біз үнемі айтып келген мынадай мәселе бар: басшылар бір орыннан екінші орынға ауысқанда өз командасын соңынан ертіп әкеледі. Бірінші басшының ешқашан қол қоймайтыны түсінікті, ол бүкіл жерде өз адамдарын ертіп жүреді, олар ұйымдасқан түрде коррупциялық істермен айналысады», - деді З. Алшымбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557