Сенбі, 5 Сәуір 2025
4258 0 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 08:25

Өзбекстан азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тартуға дайын

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 7 тамызда мекемеаралық жиналыс өткізді. Онда министрдің 5 тамызда тұрғындармен тікелей әңгімелесуі кезінде көтерілген мәселелер талқыланды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиналысқа президент аппаратының, Бас прокуратураның, ішкі істер министрлігінің, еңбек министрлігінің және басқа да қызметтердің өкілдері қатысты.

Ресми мәліметке қарағанда, президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасына сай жоба дайындалған. Атап айтқанда, үкімет азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тарту қарастырылған, сөйтіп кезең-кезеңімен шетелге шығу төлқұжатын енгізу жоспарланған.

Жиналыста Сыртқы еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі агенттіктің ірі шетелдік әріптестермен Өзбекстан азаматтарын жұмысқа тұрғызуды ұйымдастыру қызметі қолдау тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1502
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4224
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3124