Сейсенбі, 26 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 6242 0 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 12:48

Жампозовтың ұлына "прокуорды ұрды" деген айып тағылуда

Қазақстанның сот жүйесінен әділет іздеп, ақырында атылып өлген Өмірбек Жампозовтың ісіне қатысты дауы қайта ушықты.

Бұл жолы марқұм Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

"informburo.kz" таратқан ақпаратқа сүйенсек, Асылжан Жампозовқа қатысты прокурорға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Асылжанның айтуынша, құқық қорғау органдары тарапынан түрлі қысым жасалып жатыр екен.

Ал қылмыстық істің қозғалуы мен прокурорға шабуыл жайлы Асылжан Жампозов БАҚ өкілдеріне өзі айтып берді.

"Мен әкемнің қан-жоса болған түрін көрдім. Қасында құқық қорғау органының өкілдері болған. Мен әкемнің мәйітіне жету үшін жанталасып жатқанда біреуін қолыммен қағып кеткен болуым керек. Нақты білмеймін. Мен ол кезде аффект күйде болдым", - дейді Асылжан.

Сондай-ақ, Асылжан БАҚ өкілдеріне әкесін жерлеген күннің ертесінен бастап телефон арқылы түрлі қоқан-лоққы жасалғанын да ашып айтты.

"Маған бір танысым келіп жолықты. Маған қарсы қоқан-лоққы, үркіту-қорқыту сол танысым арқылы жасалды. Ол құқық қорғау органдары мені қамап,қатаң жаза қолданатынын айтты. Мені тоқтату үшін қылмыстық іс қозғалатынын да ескертті. Ал бұл әрекеттерді кімнің жасап отырғанын ашық айта алмаймын", - депті Асылжан Жампозов.

Біз Өмірбек Жампозов ісіне қатысты бірнеше мәрте жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың шілдесінде марқұм Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозов соттан марқұм әкесін ақтауды талап ететінін хабарлаған еді.

"Мен әкемнің қазасына байланысты істі тоқтату туралы шешіммен келіспеймін. Өйткені әкем кінәсіз еді. Мен әкемді толық ақтауды талап етемін", - деген еді ол.

Сөйтіп, Ақмола облысына қарасты Целиноград аудандық сотының өкілі Төлеген Тұрғамбаев 24 шілде күні істі қайта қозғаған.

Айта кетейік, Өмірбек Жампозовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, аяғында күдікті өзіне өзі қол жұмсап дүниеден қайтқан еді. Оған 600 миллион теңгені жымқырды деген күдік тағылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралған болатын.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021