Жолымбет Мәкішев.Ұлтшылдық туралы аз-кем сөз..
Жалпы ұлтшылдықтың (национализм) көпшілікке белгілі бір ғана түрі бар деп кесіп айтуға болмайды. Әр халықтың өзіне тән ұлтшылдығы бар. Мәселен ағылшындардың ұлтшылдығы индивидуализмнің, отаршылдық пен либерализмнің пәлсапасымен тығыз байланысып кеткен. Немістердің ұлтшылдығы нәсілдік туыстыққа арқа сүйейді. Ал француздардың ұлтшылдығы мемлекет пен азаматтардың құқын бәрінен жоғары қоятындығымен ерекшеленеді. Бірнеше ұлт пен ұлыстардың басын қосқан Американың да өз ұлтшылдығы бар. Олар Американың өзіне тән құндылықтарын бәрінен жоғары қойып, нәсілдік теорияны жақтырмайтындығымен жұртқа мәлім. Ал еврейлердің ұлтшылдығы Тәңірдің жерге жіберетін кезекті Мессиясын күтетін діни сенімімен тығыз астасып жатыр. Жалпы жер бетінде қанша халық өмір сүрсе Ұлтшылдықтың сонша түрі бар..Сондықтан Ұлтшылдық деген мынау деп оған біржақты баға беруге мүлде болмайды. Бұл біздің тұрмыс-салтымыздың да бір көрінісі. Жалпы «Ұлтшылдық» немесе «Национализм» деген термин «Нация» деген сөзден шығады. Бірақ осы «Нация» сөзі әр халықтың тілінде әртүрлі мағына беретінін атап өту керек.
Бүгіндері Ұлт яғни Нация сөзі мемлекеттегі азаматтардың жиынтығын білдіретін Саяси анықтама болып отыр. Дегенмен Бұл Etat-Nation, Мемлекет-Ұлт ұғымын қалыптастырған батысеуропалық саяси мәдениетке тән нәрсе. Америкалықтар да «Нация» ұғымын дәл осылай қабылдайды. Ал қазақтікі қандай ұлтшылдық?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын алдымен қазақ ұлтшылдығының өткен кезеңіне оралу қажет сияқты. Кеңес одағы кезінде коммунистер қазақ ұлтшылдығын түпкі тамырынан ажыратып жіберді. Бір кездері қазақ ұлтшылдығы Алаш атауымен тығыз байланысқан еді. Алаш- алға ұмтылған қазақтың амбициясы, имперлік мұраты болатын. Қазақ елінің төңірегіндегі жұрттар қырғыз,қарақалпақ, құрама, тағы басқалары бар Алты алаш болып Қазақ ордасының құрамына кіргені тарихтан мәлім жәйт. Оған дейін тіпті ноғай мен қалмақтың да қазаққа қарағанын білеміз. Кейін жоңғарлармен соғыстың соңында бізде үш жүз ғана қалды. Бірақ қазақ бертінге дейін төңірегіндегі осы елдерге қарайласып келді. Бұл қазақ ұлтшылдығын өзгеден ерекшелендіретін қасиет болды. Тіпті орыс басқыншылары мен қытай коммунистеріне қарсы күрестің басы-қасында жүргендердің көбі қазақтар болғаны тегін емес. Бұл қазақ елінің бір кездері өзіне қараған жұрттардың тағдырына бей-жай қарай алмағандығын көрсетеді. Жиырмасыншы ғасыр қазақ даласына жаңа өзгерістер алып келді. Алашорда қайраткерлері қанша талпынғанымен қазақтың байырғы имперлік мұратын қайта қалпына келтіре алмады. Оған шама-шарықтары жеткен жоқ. Міржақып Дулатовтың «Оян, Қазақ!» дегендегі ең алдымен меңзегені осы болатын. Бұл манифесті кейінгі тарихшыларымыз басқаша, біржақты түсіндіріп жүр. Бұл ең алдымен қазақтың өткенін, баяғы даңқты кезеңдер мен қазақ елінің байтағын қалпына келтіруге талпынғаннан туған аңсар болатын. Бірақ өткен ғасырдың басындағы қым-қуыт оқиғалар оған мойын бұрғызбады. Оларға енді ең болмағанда қазақтың өз ішіндегі тұтастық пен елдің іргесін сақтап қалу үшін күресуге тура келді.
Уақыт бір орнында тұрмайды. Еліміз тәуелсіздік алған соң коммунистік идеология тұншықтыруға тырысқан қазақ ұлтшылдығы қайта жаңғырды. Бірақ қазіргі қазақ ұлтшылдығы қазақ мүддесін ғана ойлайтын жалаң ұлтшылдыққа айналып кеткен сияқты. Бұл амалсыздықтан туған жағдай екені түсінікті. Себебі, баяғы Алаш мұратын қайта жаңғырту қазіргі таңда мүмкін емес. Бүгінде ол бізге қол жетпейтін мұрат болып барады. Дәл қазір біздің ұлтшылдығымызды ерекшелендіретін ештеңе жоқ. Егер мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болғанда қазақ ұлтшылдығының негізгі мақсаты - мемлекетті қазақыландыру болар еді. Сонда еліміздегі өзге диаспоралармен ұлт байи түсері сөзсіз. Бірақ ұлтық саясатта бұған ұмтылудың нышаны байқалмайды. Біз керісінше, «сен ұйғырсың», «сен орыссың», «сен татарсың» деп өзге диаспораларды кеудеден итеруге бейімбіз. Болашағын ойлайтын мемлекет біртекті болуға ұмтылатын еді. Қазақстанның өз ішінде бұндай бастамаларды қолға алуға толық құқы бар. Біз өйткені унитарлық мемлекетпіз. Мемлекет құраушы ұлт - қазақ халқы. Іргелес Ресейдегі жағдай да дәл осындай. Бірақ федерация болса да олар бізден озық тұр. Орыстар өздеріне қандай ұлтшылдық қажет екені жөнінде әлі нақты келісімге келе алмай жатыр. Егер біржақты орыс мүддесін көздеп кетсе империяның іргесі сөгілетіні сөзсіз. Сондықтан Қазір оларда орысқа қажеті жалпыеуразиялық ұлтшылдық деген пікір жиі айтиылып жүр. Ондағы мақсат, бүкіл империяда тарыдай шашыраған орыстар мен орыстілділерді ортақ өркениеттің өкілдері деп тауып, осы арқылы орыс ұлтының біртектілігін (идентичность) қалыптастыру. Осылайша империя дамудың жаңа белесіне шығып, өзге ұлттар орыс мүддесіне қызмет ете бастайды.. «Бұл орыс ұлтшылдығы деген мынау деп көрсетуге де жеңіл» көрінеді. Қазақстан осындай процестерден кейіндеп қалып қойды. Тіпті біздің қай мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз түсініксіз.. Қазақ мемлекеті мен қазақстандықтар мемлекеті дегеннің аражігін ажыратып бере алмай отырған қазіргі идеологиядан кейін осындай жағдай қалыптасып отыр.
«Абай-ақпарат»