Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1986 0 пікір 19 Қараша, 2010 сағат 04:49

Дәурен Қуат. Мың жасыңмен мәңгіліктерден оралған, Алматы!

Қазақстанға шекесінен қарап Швейцарияға бір күнде тайып тұрған Храпунов дейтін қутұяқтың Алматыға әкім болып тұрған кезінде орыстілді басылымдар жұртты қарадай басынып «Верный бекінісінің ірге тасы қаланғанына 150 жыл толды» деп жамыраған еді.  Онымен қоймай, Алматыны  «Алма-Ата» атау қажет деген мәселе көтеріп және дүрлікті. Әлгі дүрмекке Ермек Серкебаев сияқты табанды пікірі жоқ «тарландарымыздың» да ілесе шапқаны есімізде. Тіпті, «Казахская правда» газетінің бас редакторы, марқұм Алдан Айымбетовтай арда туған ағамыз да жаңсақ кетіп, «Алмата - алманың атасы деген мағнаны білдіреді, сондықтан «Алма-Ата» дұрыс»  деп бұрысқа тартқан болатын. Сол кезде, билік тапсырмаса тұрған орнынан табжылмайтын тарихшыларымыз аяулы Алматыдай ірі шаһардың тамыры тереңде жатқанын дәлелдеуге тырысқан қазақ баспасөзін жереге қаратып, «Алмааташаларға» дәйкеті жауап бермеген еді. Әйткенменде, қашанда «ештен кеш жақсы».  Міне, кешелі бермен Алматының жасы мың жылдан асып жығылғаны туралы жағымды жаңалық тарай бастады. Бұл жаңалықты жария етуге ғалымдарымыз жан-жақты даярлықпен келіпті.

«Қазақстан» қонақүйіне жиналған кенттанушылар «Еуразияның ежелгі және орта ғасырлық кенттенуі: Алматы қаласының қалыптасуы, дамуы және жасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, әлемдік мәдениет пен тарихтың олқы бір тұсын жан сүйсінерлік жаңалықпен толтырды. Конференцияға Англия, Германия, Италия, Бельгия, Албания, Түрік, Жапон, Корей, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің ортағасырлық кенттену мәселесін зерттеуші ғалымдары қатысыпты. Кең отырып кеңескен келелі жиынның қортындысында бүгінгі Алматы қаласының қабырғасы бұдан мың жыл бұрын қаланғаны анықталды. Осымен сөз тәмам. Енді «Алма-Ата» деп ауыз ашатындар мен «Верный» деп бедірейтіндерді бет қаратпауға әбден болады. Алдағы күндердің шаруасы -  Шығыс шайырлары тамсана жырлаған  Тараз бен киелі Түркістанның мың жылдықтарын атап өткеніміздей алыс-жақынға сауын айтып Алматының да алыста қалған даңықты күндерін дүнияға паш етеу.

«Қазақстан» қонақүйінде өткен Конференция енді Қазақстанның өзге де қалаларында жалғасын табуы керек. Мысалы, Қызылжарда. Сосын Керекуде, т.б.  Қазаққа қалаш нан жеуді үйретіп, қала салып  қатарға қосқандай танаурайтындардың тауанын қайтаратын жолдың бірі - осы. Тарихты тараншасына салып, сүйретіп әкелген ешкім жоқ. Дүние, заман ауыспалы шығар, бірақ заманалар көшін кеудесінен өргізген қазақтың қасиетті қара жері ықылыман бері орнында. Ендеше, елді мекен, ескі жұрттың бәрі де - қазақтікі. Мың жасыңмен, мәңгіліктерден оралған Алматы!

P.S. Алматының жасы мыңға келді деген қортыныды жасалғанымен мынандай да қызықты деректер бар. Болашақта оны да қаперге алған жөн болар.

«Қазақ Совет энциклопедиясында»  «Алматыны адам ерте заманнан бері мекен­деген. Біздің эрамыздан бұрын VII-III ғасырларда Сақ тайпалары қоныстанған. Сақтардан кейін саяси басшылыққа ие болған Үй­сін тайпалары. Орта ғасырда Ал­маты қазіргі өзінің атымен белгілі болған. Ал, Жетісу аймағы Россияға бағынған кезде мұнда дулаттардың «Алматы» атты қыстағы болды. Тек 1854 жылдан бастап, «Верное» деген атпен мәлім болған орыс бе­кінісі орнықты. Кейін ол Верный қаласы болып аталды»  деп жазылған.

..............................................................................................................................

1990 жылы «Бұл дирхем Алматуда басыл­ған» деген арабша жазуы бар XIII ғасырдың көне теңгесі табылды ..................................................................................................................

X-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының аумағында  жер үйлерден тұратын елді мекен­дер болған.

..........................................................................................................................

IX-XIII ғасырлардағы саз­дан жасалған заттар, XI-XII ғасырдағы ұсталардың шеберха­насының қалдықтары да Алматының маңындағы қазба жұмыстары барысында табылған.

............................................................................................................................

Алматыға жақын жерлердің бірінде  ақсүйек сақтар мен үйсін көсемдерінің 47 қорғаны сақталған. Ең үлкен қор­ғанның көлемі - 100, ал биіктігі 15 метрге жетеді. Бұл қорғандар 2,500 - 3 000 жыл бұрын салынған көрінеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540