Шығыс Қазақстан балықшылары бас прокуратурадан облыстық қадағалау органымен арадағы шиеленісті шешуге көмектесуін сұрайды
Өскемен. 19 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанның (ШҚО) балық аулау және өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы бас прокурор Қайрат Мамиден облыстық прокуратурамен арада қалыптасып отырған жағдайды реттеуді сұрайды.
«Біз, бас прокуратурадан біздің әрекеттеріміз бен облыстық прокуратура қызметкерлерінің әрекеттеріне баға беруін сұраймыз. Қазір барлық балық аулау және өңдеу кәсіпорындары тоқтап тұр. Адамдарда нан сатып аларлық ақшалыр жоқ. Тарбағатай ауданында балықшылар ереуілге шығуға дайын», - деді балықшылар қауымдастығының төрағасы Тофик Исмаилов.
Қауымдастық басшысының айтуынша, балықшылардың бұрынғы шағымдарына бас прокуратурадан және басқа да сатылардан «не жауап болмады, не сырғытпа жауап» алынды. Аталған үндеуінде қауымдастық бұл істі бас прокурор Қ. Мамиге тапсыруды сұрайды, себебі олар «облыстық прокуратураға» сенбейді.
Қыркүйек айында Шығыс Қазақстан прокуратурасы балық аулау және өңдеу саласында салық төлеуден жалтару және жалған кәсіпкерлік жөнінде 20 қылмыстық іс қозғаған болатын. Заңсыз аулаудан келген шығын, прокуратура мәліметтерінше, Т7 млрд-тан асып кеткен, төленбеген салық – Т18 млрд-тан асқан. Балық саласында, қадағалау органдарының пікірінше, судакты заңсыз аулау мен экспорттаудың қалыптасып қалған заңсыз сұлбасы жұмыс істейді.