Жұма, 27 Қыркүйек 2024
3763 0 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 08:28

Бүгін Бішкекте Текебаев-Чотоновтар ісіне қатысты сот отырысы жалғасады

Бүгін Бішкектің Бірінші май аудандық сотында “Ата Мекен” партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенбек Чотоновтың істеріне қатысты сот отырысы жалғасады.

Дүйсенбі күні өткен отырыста Өмірбек Текебаев соңғы сөзін сөйледі. Онда ол куәгерлердің сөздеріне түсініктеме берді. Текебаевтың соңғы сөздері үшінші күн жалғасып жатыр. Одан кейін қорғаушылары жарыссөзге шығады.

Өмірбек Текебаев пен Дуйшенбек Чотоновқа Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 303-бабы, 1-тармағы ("Коррупция") бойынша айып таққан. Оларға қарсы қылмыстық іс Ресей азаматтары Алексей Модин мен Леонид Маевскийдің шағымдары бойынша қозғалған. Олардың айтуынша, марқұм Талант Маматкеримов арқылы Өмірбек Текебаевқа "Мегаком" компаниясының акциясын иелену үшін 1 млн доллар пара берген. Айыптаушылар бұл істің саяси астары бар деп біледі.

Мемлекеттік айыптаушы Текебаевты 10 жылға, Чотоновты 8 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеуді сұрады.

Abai.kz

0 пікір