Жұма, 9 Мамыр 2025
4133 0 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 08:31

Дойрашылар Тәжікстан президентінің көңіл-күйін бұзды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды күтіп алу салтанатында “Очаджонхо” (“Анашым”) дойрашылар ансамбілінің кішкентай қателігі үшін Хуросон ауданының әйелдер және отбасы ісі бөлім басшысы қызметінен алынды.

Дойрашылар мемлекет басшысын дойра (ұрмалы музыкалық аспап) үнімен қарсы алу керек болған. Бірақ “Очаджонхо” ансамбілінде ойнап тұрған әйелдер дауысты бір ырғақпен шығара алмады. Президент қабағын түйіп, шығып кетті.

Президенттің көңіл-күйін бұзғаны үшін, аудандық әйелдер және отбасы ісі бөлімінің меңгерушісі Зиёда Саломованы қызметінен алды. Ол Азаттық радиосының тәжік қызметіне ансамблдегі дойрашылардың қателігі үшін жұмысынан айырылғанын растады. Ал “Очаджонхо” ансамбілінің жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2007
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2956