Жұма, 27 Қыркүйек 2024
3705 0 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 08:33

Ди Каприо Тәжікстан билігін қар барысын сақтауға шақырды

Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо экологтардың Жер бетінде қар барысын сақтап қалу әрекеттерін толық қолдайтынын мәлімдеді.

Голливуд актері өзінің үндеуін 18 млн жазылушысы бар Instagram парақшасына жариялады. Ди Капиро қар барысын сақтап қалуға арналған халықаралық форумға қатысатын 12 мемлекеттің лидеріне арнаған үндеуге қол қоюға шақырды. Форум 23-25 тамызда Бішкекте өтеді.

Экологтардың мәліметінше, Жер бетінде бар-жоғы 3 мыңдай қар барысы қалған. Олар Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Непал және Ауғанстанның таулы аймақтарында мекендейді.

Олардың мекендеу аясы тарылып жатқаннан кейін, қыс мезгілінде тамақ іздеп, ауылды аймаққа түседі. Мәселен былтыр Тәжікстанның Бартан қышлағының тұрғындары қысқы уақытта қораға тамақ іздеп кіріп кеткен қар барысын босатқан.

Леонардо Ди Каприо 1998 жылы Leonardo DiCaprio Foundation қорын құрып, қоршаған ортаны қорғауға арналған 70 инновациялық жобаға 30 миллион доллар бөлген. 2016 жылдың қаңтар айында Голливуд жұлдызына Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Crystal Award сыйлығын берді.

Abai.kz

0 пікір