Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2400 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 03:12

Нұра Матай. Айдостың айыбы не?

«Бұзақылық және билік өкіліне қарсы келген» деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылған  Айдос Садықовтың адвокаты Татьяна Лазареваның  жоғарғы сотқа  қорғауындағы азаматтың ісін қайта қарау жөнінде түсірген өтініші бойынша, 26 қарашада сот отырысы  өтпек.  Айдостың адвокаты  - БАҚ ын, құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық ұйымдарды және Айдос Садықовтың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдарды жоғарғы соттың отырысына қатысуға  шақырып отыр.

Айдостың адвокаты оған шығарылған сот үкімінің күшін жойып, оны ақтауды сұрайды. Ал, сот кескен жазасын өтеп жатқан Айдос Садықовты адвокатының айтуынша, түрме қызметкерлері ұрып, соққан. Болған оқиға бейнетаспаға     жазылып алынған. Бұл бейнетаспада Айдос Садықовтың еш кінәсі жоқ екені айдан анық көрініп тұр - дейді адвокат Татьяна Лазарева. Ол бейнетаспаны мына жерден көре аласыздар: http://www.youtube.com/watch?v=8TQG1x7BMPk, http://www.youtube.com/watch?v=vrqPP-AwxZU .

Адвокаттың айтуынша, бұл бейнетаспаға тергеу орындары да, соттар да назар аудармай отырған көрінеді. Мұнымен қоймай, аталған оқиға бойынша, қозғалған істе өрескел заң бұзушылықтар орын алғанын да Айдос Садықовтың адвокаты айтып бағуда.

Редакциямызға келіп түскен ақпараттың ұзын-ырғасы осындай.

Айдос Садықов кім еді дерсіз?

Ол - еліміздің батыс аймағындағы ел тағдырына елеңдеп, жергілікті биліктің, соттың, құқық қорғаушылардың озбыр әрекеттеріне қарсы күресіп, өз ойын бүкпесіз айтып үйренген азаматтардың бірі.  Аймақтағы адам және азаматтардың заңды құқына қайшы келген жайттарға қарсы тұрған, жергілікті биліктен зәбір көрген жандарға араша сұраған азамат бүгін де тар есік, тар босаға да, тағдырдың өтінде тұр.

Төменде Айдос Садықовтың әйелі, енесі, қорғаушысының телефондары көрсетілген. Алаштың бір ұлы Айдостың ет жақындарына хабарласып, көңіліне демеу, үмітіне үрлеу болыңыз!

Наталья Садыкова Айдостың жары, тел: 8701 55 66 988, Татьяна Лазарева, қорғаушы, тел: 8701 614 0219, Роза Ещанова,

Наталья Садықованың анасы, тел: 8701 315 62 81

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531