Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2673 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 03:11

Бесінбай Бегенішұлы. Улы зымыранын тағы құлатып жатыр

Қолға қалам алуға, "Жас Алаш", "Алтын ғасыр" газеттеріндегі мақалалар себеп болды. Ресей зымыран бөлшегі түсіп жатқан жерге жақын орналасқан Төлеп, Аққұдық, Сенек, Қызылсу деген жерлер Маңғыстау түбегінің қиыр шығысындағы аудан орталығынан шалғай 500 - 600 шақырымға дейінгі қашықтықта, облысымыздың ең шеткі нүктелері болып саналады. Нақ Ресей зымыраны түскен Төлеп елді мекеніне жалғасып жатқан үстірттің "Кіндік" жерінде кеңес үкіметі кезінде жердің қалың қабатында сынақ өткізетін болып әрекет жасағалған. Жарылуға тиісті тетігі жарылмай қалып, әскерилер өздері бас сауғалап, оның зардабын отырықшы елге айтпай апат аузына тастап кеткен, жасырған...
Міне, бұдан кейін де бірнеше ондаған жылдар өтті. Кейбір жанұядағы жарымжан балалар, өмірден ерте кеткен менің замандастарым, ауыруға шалдыққан, сиреп қалған мен сияқты мүгедектер қаншама?! Соның зардабын күні бүгінге дейін жергілікті халық тартып отыр. Ал енді...егемендікті қолға алған заманда үстімізден басқа біреудің улы зымыранын тағы ұшырып, құлатып жатыр.

...Сол күні тозаң, айнала күңгір болып тұрды. Мұрын қуысымыз тарылып, көздің алды көлегейленді. Жанұядағы немерелерім де осындай күйге ұшырап, төсекке ерте жатып қалды. Және сол күні қатты шаңытқан жел, зымыран құлаған жақтан қою тозаң үздіксіз соғып тұрды. Бұған не айтуға болар еді?.. Мән беріп жатқан жоғарғы жақтан ешкім де жоқ!  Халық сабыр сақтағыш, шыдамды, десек те, сол шыдамның да шегі бар шығар!
"Бомба" жарамыз деп, халықтық "бомба" жарылмасын. Ағайын!

Сенек ауылы.
Маңғыстау облысы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525