Сенбі, 10 Мамыр 2025
4939 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:22

Қажылыққа бара жатқан адам есірткімен ұсталды

Самарқанд әуежайының кеден қызметкерлері Меккеге, қажылыққа бара жатқан адамды есірткімен ұстаған. Бұл жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті хабарлайды.

Кеден комитетінің қызметкерлері тексеру барысында Шамши Ахроров деген өзбек азаматынан 72 грамм апиын мен 6 мыңға жуық АҚШ доллары және өзге елдің валютасын тәркілеген. Ер азамат есірткіні таба нанның арасына жасырған екен.

Сауд Арабия елдерінің заңына сәйкес, осы аумақта есірткі, контрабандамен ұсталған азаматтар өлім жазасына кесіледі.

Бұл фактіге қатысты прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2049
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3246