Сенбі, 23 Қараша 2024
3895 0 пікір 22 Тамыз, 2017 сағат 08:13

Мәскеуде сын айтқаны үшін мигрант-аула сыпырушының құлағын тістеп алды

Мәскеуде аула сыпырушы болып жұмыс істейтін тәжік мигранты әйелге ескерту жасағаны үшін, ер азамат тарапынан соққыға жығылған. Ескерту алған әйелдің күйеуі тәжік мигрантын ұрып, тістерін сындырып, сол құлағының жартысын тістеп алған.

Тәжікстаннан келген Махмадулло Давлатзода көп қабатты тұрғын үйлердің алдын сыпырып жүріп, итін гүлзарға дәретке отырғызып жатқан әйелге ескерту жасаған. Бірақ әйел "сен сын айтатындай кімсің деп" өзіне айқайлаған.

«Мен сол айқаймен дау бітеді екен деп ойладым. Бірақ келесі күні есіктің алдындағы гүлзарды суарып жүргенімде, ер адам келіп, мені жұдырықтың астына алды. Ол менің тістерімді сындырды. Әрең қашып құтылдым»,- дейді Махмадулло. Ол қазір Мәскеудің № 61 ауруханасында жатыр.

Оқиғадан кейін мигрант полицияға шағымданған. Бірақ ондағылар өтініш жазбауын, кешіре салуын сұраған. Ол келіскен. Алайда өзін сабаған ер адам тағы келіп, қысым көрсеткен.

«Әлгі ер адам тағы келді. Пышағын көрсетіп, егер әйелімнен кешірім сұрамасаң, бұл жерде енді жұмыс істемейсің деп айтты!», - дейді Махмадулло Давлатзода. Бірақ мигрант кешірім сұраудан бас тартқанында, ер адам оның құлағын тістеп алған.

Махмадулло Давлатзода 10 жылдан астам аула сыпырушы болып істейді. Тұрғындардың көбі оны сыйлайды екен.

“Қоғамдық кесім” ұйымының адвокаты Ирина Бирюкова құлағын тістеп алған ер адамның да полицияға арыз жазғанын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394