Алматы облысында 24 су қоймасы мен су жинақтаушы 13 гидроторап апатты жағдайда
Талдықорған. 22 қараша. ҚазТАГ – Алматы облысында арнайы комиссия апатты жағдайда тұрған және кезек күттірмес апатты – қалпына келтіру жұмыстарын қажет ететін 24 су қоймасы мен су жинақтаушы 13 гидроторапты анықтады, деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков кеңес барысында.
Оның айтуынша, бұларды жөндеу және қалпына келтіру үшін алдын ала есептеулерге сәйкес, Т2 млрд-тан астам қаржы қажет.
Ақсу, Ескелді, Жамбыл, Көксу, Балқаш, Ұйғыр аудандарындағы гидроқұрылыстар ең қауіпті жағдайда. Су қоймаларының барлығы дерлік электрлендірілмеген, олардың көтеру механизмдері қолмен ғана жұмыс істейді. Бөгеттер арқылы су өтіп жатыр, су шығарғыштың жапқыштары, апатты шлюздар, басқа гидромеханикалық жабдықтар жұмыс істемейді, ал су тастау апатты тастау арқылы жүргізіледі.
Гидроқұрылыстар стратегиялық маңызды нысандар болып табылғанымен, соңғы бірнеше жыл қатарынан олардағы гидрометрикалық бекеттер жұмыс істемеген, суды есепке алу журналдары жүргізілмеген, бөгеттер тексерілмеген, жөндеу жұмыстарын орындауға дефектілік актілері толтырылмаған.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Амандық Баталовтың хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, жаз-күз кезеңінде су шаруашылығы нысандарын алдағы қыс пен көктемдегі ауа райының ықтимал күрт бұзылуларына су тасқынына қарсы дайындау бойынша шаралар кешені орындалды.
Су шаруашылығының аудандық пайдаланушы кәсіпорындары суару арналарын тазартып, жалпы көлемі 99,6 мың текше метр топырақ, саз, тас шығарды, 290 шағын гидротехникалық құрылыс нысандарын және темір-бетон суару желілерінің 187,3 шақырымын жөндеуден өткізді. Алматы облысындағы 154 су қоймасының Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан 20 су қоймасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Алматы облысының ТЖ жөніндегі департаменті қараусыз жатқан 15 су қоймасын коммуналдық меншікке беру мәселесін көтерді, өйткені нысандарда қаржыландыру көзінің жоқтығына байланысты бұл нысандарда көп жылдар бойы жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген.
Бұл су қоймаларының барлығы апатты жағдайда, олар елді мекендердің қауіпсіздігіне, түрлі инженерлік құрылыстарға қауіп тқндіріп тұр. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында су шаруашылығын бақылайтын облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылы республикалық бюджеттің есебінен құрылыс жоспарына енгізу үшін апатты жағдайдағы су шаруашылық нысандарын күрделі жөндеу мен қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп жатыр.
Облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні облыста 154 су шаруашылығы нысаны бар, оның 91-і жеке меншікте, 44-і коммуналдық, 4-еуі республикалық меншікте болса, 15-і қараусыз қалған.