Сенбі, 23 Қараша 2024
3949 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 08:54

Каталониядағы терактіге күдіктілерді сотқа жеткізді

Испания полициясы Мадрид сотына Каталониядағы терактіге қатысы бар деген төрт күдіктіні жеткізді. Сот ғимаратында қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Бұл жөнінде Reuters хабарлайды.

Полиция мәліметіне қарағанда, Каталониядағы терактіні 12 адамнан тұратын топ ұйымдастырған. Бүгінгі күнге дейін олардың бәрі ұсталды және көздері жойылды деп саналады.

Бірер күн бұрын полиция өкілдері алдын ала мәлімет бойынша Барселона орталығында халықты жүк көлікпен қағып өтті деген Юнес Абуякубтың көзін жойған.

Каталонияда 17 тамызда болған шабуылдан 15 адам көз жұмды. Жүзден астамы жараланды. Каталониядағы шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364