Жұма, 22 Қараша 2024
4518 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 09:50

Туркуда адамдарға шабуыл жасаушының кім екені белгілі болды

Фин полициясы Туркуда пышақпен екі әйелді өлтірген марокколықтың аты-жөнін анықтады. Полицияның хабарлауынша, күдікті билік өкілдеріне 2016 жылы Финляндияға кірген уақытта жалған есім атаған. Бұған дейін басты күдіктінің есімі Әдбірахман Мечка деп есептеліп келген еді.

"Оның аты-жөні анықталды, енді оның кім екенін білеміз", – деді Reuters агенттігіне бас инспектор Криста Гранрот. Полиция күдіктінің шын есімін атаған жоқ.

Елдің оңтүстік-батысындағы Турку қаласында 18 тамыздағы шабуылдан сегіз адам жараланып, екі кісі қайтыс болды. Бұл Финляндиядағы алғашқы террористік шабуыл ретінде тексеріліп жатыр.

Қамаудағы күдікті шабуылға жауапты екенін, бірақ бұның терроризм емес екенін айтқан. Ол Финляндияға 2016 жылы келген, Туркудағы босқындар орталығында тұрған, фин билігі оған баспана беруден бас тартқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321