Жұма, 22 Қараша 2024
EXPO - 2017 5708 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 18:04

Астанада Халықаралық «жасыл технологиялар» орталығы құрылады

Елордада өтіп жатқан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі әне-міне аяқталар уақыт жақындады. Көркімен көз тартар ЭКСПО базасында Халықаралық жасыл технологиялар орталығы құрылатын болды.

Бұл бастаманы 86 мемлекеттің басшылары мен 15 Халықаралық ұйым қолдады, деп хабарлайды «Abai.kz» ақпараттық порталы  «LS» сайтына сілтеме жасай отырып.

Астанада «Болашақтың энергиясы» атты форум өтіп жатыр. Форум аясында ұйымдастырылған «Халықаралық экономика және қоршаған ортаны қорғау саясаты» атты XI-конференциясына қатысқан халықаралық делегация дәл осылай деп мәлімдеді.

Аталған жиында ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Наталья Пан ханым сөз сөйлеп, жел энергиясы саласында инновациялық технологияларды дамыту және енгізу бойынша Қазақстанның заңнамалық әлеуеті жеткілікті екенін айтты.

«Қазірдің өзінде дүниежүзінде газ секілді дәстүрлі энергия көздерін тұтыну сиреп барады. Сондықтан, жаңартылғанэнергияға сұраныс күн санап артатын болады. Бұл тұрғыдан, Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамаларына өзгерістер енгізілді. Соның ішінде жаңартылған энергиян қолдайтын, осы салада бәсекелестікті қалыптастыратын заң жобалары қабылданды», - деді Наталья ханым.

Айта кетейік, қабылданып отырған шаралар легі мұнымен шектелмейді. Халықаралық ұйым  бастамасының шеңберінде Қазақстан жасыл патенттерге онлаин-реестр жүргізетін болады.

Мысалы, ЭКСПО-2017 көрмесі барысында бірнеше жобаға Қазақстан патент берді. Наталья ханымның айтуынша, 2015 жылдан бастап аталған салаға қатысты тың жобаларды қабылдаудың жетелдетілген шарасы басталып кеткен.

Күні бүгінге дейін «жасыл технология» тақырыбы бойынша 2593 жобаға патент беріліпті.

Әсіресе, табиғатты қорғауға арналған технологиялар таөырыбындағы жобалар көптеп түскен. Ал ұсынылған жобалардың 45%-ы қатты қалдық заттарды жою,  36%-ы суды қайта өңдеу, тоған суларды тазартуға бағытталыпты.

Сондай-ақ, жаңартылған энергия көздері тақырыбы бойынша келіп түскен жобалардың ішінде 33% жел қозғалтқышы, 23%-ы күн энергиясынан жылу алу, 19%-ы ядролық физика, 14,5%-жартылайтокты электр құрылғылары тақырыптары бойынша патенттелген.

Айта кетейік, конференция тақырыбы қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен осы бағыттағы саяси әм экономикалық  серіктестікті арттыруға бағытталып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322