«Туған өлкем – тұнған шежіре» атты экскурсия ұйымдастырылды
2017 жылдың 14 тамыз күні Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындалған міндеттерді басшылыққа ала отырып, «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты тақырыпта Сарайшық қалашығына Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы В.Н.Заверткин бастаған және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлинаның жетекшілігімен ҚХА –ның Жастар қанаты тарихи маңызы бар мәдени экскурсияға шығып қайтты, - деп хабарлайды Аbai.kz ақпараттық порталы.
Жеті хан жерленген жердегі хан ордалық мемориальдық кесенесінде музей директоры Бердімұратов Молдаш ағай жастарға тарихи деректер туралы қызықты ақпарат берді.
Т.Аман –Турлина қасиетті жердің басында елімізде бейбітшілік орнап, тұрақтылық пен тыныштық бола берсін деп Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақ орамалын» киелі алма терегіңнің басына байлады.
Экскурсия барысында жастарымыз Сарайшық қаласы туралы толық ақпаратты музейден алып, өз елінің мәдени тарихи ескерткіштерін тамашалады, экспонаттармен танысты.
ІV. Ертедегі Сарайшық қаласы орналасқан жерде болып, бүгінгі күні су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан Жайық жағасын бекіту жұмыстарын көрді.
Жалпы бұл Сарайшыққа саяхат жасау тарихқа, ғасырлар құпияларына қол тигізгенмен бірдей. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің, шетелдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.
Мұражайдың кітабына жазылған келіп-кетушілердің пікіріне қарасақ, олар - Ресейден, ТМД елдерінен , АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Германия елдерінен келген қонақтар көп екен. Қонақтардың таң қалуы біз үшін өткен тарихи деректерді аялауға, оларды мұқият сақтау керектігін көрсететін үлгі болып табылады. Туған өлкеміз тұнған шежіреге толы.
Оны білу,сақтау, қорғау жас ұрпақтың еншісінде!
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz