Сенбі, 23 Қараша 2024
Туған жерге туың тік! 4049 0 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 13:27

«Туған жер» бағдарламасы аясында Ұзынағаш елді мекені 60 жылдық мерейтойын мерекеледі

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Онда отандастарды елімізді көркейтуге сөз емес, іс жүзінде атсалысуға шақырды. Президент үндеуіне меңдіқаралықтар да мейлінше үн қосуда. Осы орайда, аудан тұрғындары Қаратал ауылдық округіне қарасты Ұзынағаш елді мекенінің 60 жылдық мерейтойын мерекеледі.

Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бұл экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қайта қалпына келтіруді көздейді. Ал, Ұзынағаш елді мекені Елбасы мақаласы аясында өзінің 60 жылдығын атып өтті. Жиында Меңдіқара ауданынан шыққан тау тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

«Туған жер» бағдарламасы аясында тойланған торқалы тойда ұлттық салт-дәстүр мен ата-бабаларымыздан мирас болып қалған мұраларымыз насихатталды. Табиғатымызға тән спорттық ойындар да кеңінен көрініс тапты. Әсіресе, дүйім жұрттың делебесін қоздыратын аламан бәйге көпшіліктің көзін тойдырып, көңілін семіртті.

60 жылдық тарихы бар Ұзынағаш ауылы аудан орталығынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар саны мыңнан асады. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын негізі қаланса да, елді мекен өз көркін жоғалтпаған. Өйткені, өскен өлкесін көркейту тұрғысында кәсіпкерлер тарапынан көп көмек көрсетілуде. Әлі де көрсетіле бермек. Оның дәлелі ретінде «Туған жер» бағдарламасын айтуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371