Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2943 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 18:52

Серік Ақсұңқарұлы: "Біздің зиялылардың естері дұрыс емес..."

- Серік мырза, Алматыдан алыста жүрсіз. Кейбір жазушылар Алматыдан жырақта жүрген қаламгердің шығармасында қуат болмайды, әдеби орта болмаған соң, жазғандары нәрсіз келеді деген пікір айтады. Әріптестеріңіздің айтқандарымен келісесіз бе, өзіңіз не жазып жүрсіз?

- Мұндай әңгіме - сонау жылдардан бері айтылып келе жатқан ақжемі шыққан қасаң дүние. Әдеби орта Алматыда деу - жаң­сақ сөз. Менің ұғымымда әдеби орта - әлем әдебиеті. Яғни әдебиетте әлемдік өреге көтерілген жазушылар. Олардың арасында қазақтың данышпан Абайы, ақиық Мұқағалиы да бар. Кітаптары үйімнің қабырғасында сіресіп тұр. Ал Алматыдағы әдеби орта ше? Жасыратыны жоқ, алматылық жазушыларды көріп жүрміз ғой, дастарқанның басында бірін-бірі мақтағаннан басқа өрелі еш нәрсе айтпайды. Айтпайды деу аздық етер, айтайын десе, түк білмейді. Әуелі сол жазушылардың біразы өз шығармаларынан басқа қаламгерлердің жазғандарын мүлде оқымайтын сияқты. Оқымаған соң, өзінен басқа классик көрмейді, ешкімді мойындамайды. Оларға қарағанда, мен бақытты жазушымын. Себебі, қабырғасы әлем клас­сиктерінің кітаптарына толған үйімде - әдеби ортамда өмір сүремін. Оқимын, мойындаймын.

- Сіз бір мақалаңызда ақын Темірхан Медетбековтің «Көк-түріктер сарыны» кітабын жақсы бағалапсыз. Мақтағандық емес, Медетбеков, сіз айтқандай, әдебиетте ғана қайреткер емес,   ол - қоғамда да өзіндік орны бар ақын...

- Серік мырза, Алматыдан алыста жүрсіз. Кейбір жазушылар Алматыдан жырақта жүрген қаламгердің шығармасында қуат болмайды, әдеби орта болмаған соң, жазғандары нәрсіз келеді деген пікір айтады. Әріптестеріңіздің айтқандарымен келісесіз бе, өзіңіз не жазып жүрсіз?

- Мұндай әңгіме - сонау жылдардан бері айтылып келе жатқан ақжемі шыққан қасаң дүние. Әдеби орта Алматыда деу - жаң­сақ сөз. Менің ұғымымда әдеби орта - әлем әдебиеті. Яғни әдебиетте әлемдік өреге көтерілген жазушылар. Олардың арасында қазақтың данышпан Абайы, ақиық Мұқағалиы да бар. Кітаптары үйімнің қабырғасында сіресіп тұр. Ал Алматыдағы әдеби орта ше? Жасыратыны жоқ, алматылық жазушыларды көріп жүрміз ғой, дастарқанның басында бірін-бірі мақтағаннан басқа өрелі еш нәрсе айтпайды. Айтпайды деу аздық етер, айтайын десе, түк білмейді. Әуелі сол жазушылардың біразы өз шығармаларынан басқа қаламгерлердің жазғандарын мүлде оқымайтын сияқты. Оқымаған соң, өзінен басқа классик көрмейді, ешкімді мойындамайды. Оларға қарағанда, мен бақытты жазушымын. Себебі, қабырғасы әлем клас­сиктерінің кітаптарына толған үйімде - әдеби ортамда өмір сүремін. Оқимын, мойындаймын.

- Сіз бір мақалаңызда ақын Темірхан Медетбековтің «Көк-түріктер сарыны» кітабын жақсы бағалапсыз. Мақтағандық емес, Медетбеков, сіз айтқандай, әдебиетте ғана қайреткер емес,   ол - қоғамда да өзіндік орны бар ақын...

- Медетбеков - болмысы бөлек жара­тылған ақын. Ол - Кеңес үкіметі кезінде қазақ поэзиясына ғылыми-техникалық прогресс кіргізген шайыр. Ал тәуелсіздіктен кейін Тем-аға томағасын сыпырып, басқаша түледі. Бірақ оның өлеңін көп жұрт түсіне бермейді. Әсіресе өзіңіз айтып отырған Алматының әдеби ортасы оны бағалай алмай жүр.

Олардың ұғымындағы қара өлең ұйқасын Темірхан Күлтегін құлыптасындағы көктүріктердің өлең өлшемімен түрлентті. Сөйтіп, ақын қатып-семген қара өлең өлшемін бұзды, өзінше түреннен жол салды. Сол өлшеммен өзге ақындар айта алмай жүрген дүниелерге барды, айтты. Медетбековтің поэзиясы туралы пікірімді «Тоныкөк пен Темірхан» деген мақаламда айтқам. Оның поэзияда жасаған жауын­герлігін осы күнге дейін бірде-бір қаламгер қайталай алған жоқ.

- Неге?

- Осы мәселеге менің де таңым бар. Өздері қазақ тілінде шығарма жазады, солай бола тұра, қазақтың мүддесіне келгенде, жұмған ауыздарын ашпайды. Ұлттық мәселе көтерілген орта, жиындардан бойларын аулақ салады. Ауруың­ды жасырғанмен, өліміңнің әшкере болатыны сияқты, бұл жағдай - қазақ зиялыларының басындағы трагедия, ұлттық қасірет.

Мұндай ұлттық қасірет пен қазақтық трагедияның тамыры репрессияда жатыр. Әуелі басы «Қазан төңкерісінен» бастау алады. Сонан соң байларды қудалау, ашаршылықтың зардабы сияқ­ты бірқатар зұлмат жылдар біздің халық­тың бойына үрей ұялатқан. Қазақ­тың зиялылары сол үрейден арыла алмай жатыр. Ал орыс зиялылары ше? Олардың шенеуніктерінің өзі орыс ұлтының көсе­гесін қалай көгертуді ойлайды. Біздей емес, ешкімге бодан болмаған орыстың зиялылары осы күні өз ұлтын қалай сақ­тап қалудың, қалай ел болудың қамын ойлап, үнемі бастарын қосып, мәселе көтеріп жатады. Біздің зиялылар Темір­хан сияқты тебіні күшті азаматтарды қолдаудың орнына, етегінен тартады. Жалпы, осы біздің зиялылардың естері дұрыс емес.

Кезінде Алаш зиялылары қазақтың ұлттық мемлекетін құруды көксеп еді. Алайда онысы жүзеге аспай қалды. Сөйтіп, отар ел болдық. Бұл - өткен тарих. Тәуелсіздіктен кейін бізге отарсыздану саясаты жүргізілуге тиіс еді. Өйт­кені отар елдің тәуелсіздік әліппесі - отарсыздану саясаты, идеясы екені анық. Бірақ біз ол әліппені оқыған жоқпыз. Соның кесірінен әлі құлданған кейпі­мізден арыла алмадық. Жұрт жақсы біледі, біз тәуелсіздік алған кезде ең алдымен экономикамызды дұрыстауға ұмтылдық. Ұлттық идея кейінге қалды. Анығы, ұлтты ұлт ететін - қарынның қамы емес, ұлттық идея.

- Секе, Қазақстан Жазушылар одағы туралы таласты әңгіме көп айтылып жатыр. Жуырда өткен ұжымның мерейтойында төрағаның орынбасары Берік Шаханов: «Қазақстан Жазушылары одағы саясатқа аралас­пайды», - деп, азарда-безер болып, мақала жазды...

- Бұл - нағыз топас пікір. Саясаттың араласпайтын жері жоқ. Егер саясат - қазақтың рухани тәуелсіздігі, ұлттық идея азаттығы болса ше? Онда онымен айналыспаған Жазушылар одағының кімге керегі бар? Тәуелсіздік үшін бір ауыз тәуелсіз ой айтпаған, құлданған сананы оятуға үн қоспаған жазушы қазақтың қай тесігіне жамау болады? Ал «Құрметті төрағалық» деп, Жазушылар одағын аласапыранға салып жатқан мәселеге келсем, соны айту емес, ой­лау­дың өзі - ұят нәрсе. Біз неге көсем­шіл болып кеттік? Осының алдында ғана «ұлт көсемін» шығарып едік, енді «Одақ көсемін» таптық. Масқара!

- Биыл сіз Мемсыйлыққа түсуден бас тартыпсыз. Өткен жылы ала алмаған соң, суынып қалдыңыз ба, жоқ әлде тағы да әділдік болмайтынын сездіңіз бе?

- Жазушы шығармасын сыйлықпен өлшеу Ресейде де, Еуропада да бар. Ресейдегі сыйлықтардың жазушы­ларға берілу дәстүрі дұрыс қалыптасқан. Олардың комиссиясында тәуелсіз сарапшылар отырады. Сарапшылары - әдебиетті білетін мамандар. Ал Еуропада да, Ресейдегідей, әдебиеттің қадір-қасиеті сақталған. Бізде ғой - жазушы сорлап, «Мемсыйлықтың» құны кеткені. Сондықтан көзімнің тірі кезінде өзімді Мемлекеттік сыйлыққа ұсынбаймын деп шештім. Әдебиеттің өлшемі - сыйлық емес, халық және уақыт.

Жасыратыны жоқ, қазір Мемлекеттік сыйлықты алып жатқан жазушылардың тең жартысы - халтурщиктер мен графомандар. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы сияқты, әлемнің «Нобель сыйлығының» берекесі шайқалғаны байқала бастады. Кешіріңіз, «Мем­сыйлық» туралы ойымды сөзбен айт­қаннан гөрі, өлеңмен жеткізгенім кімде-кімнің болсын қышыған жерін қасып, сіздің сұрағыңызды қанағат­тандырады деп ойлаймын. Сондықтан өлең оқиын!

Болсам да керім ұлы кемел ұлттың,

Пендеден зият қашан кереліктің.

Алмаймын Мемлекеттік

сыйлықты да,

Қолынан мемлекетсіз шенеуніктің.

 

Пендені қайтем,

Күнде салып бір ән.

Алланың алдына ылғи барып тұрам.

Гомердің кісілігі менде қалған,

Нобельдің сыйлығын да тәрк қылам.

 

Туа сап алтын құрсақ анашымнан,

Ақын боп арыстандай аласұрғам.

Алланың көзі келіп маған түссе,

Миллион Алаш ұлы арасынан.

 

Жарымай,

Жан, күй дейтін заманға ерген.

Пенденің бәрі де адам, заман

келген.

Басымды адамға емес, Аллаға идім,

Абайға бергенінен маған берген.

 

Тәнті боп рухымның шетіне көк,

Өлсем де тұрам ертең еліме тек.

Мен - «Тәңірі сыйлығының»

лауреаты,

Менімен ұлы - мына мемлекет.

Менімен сұлу - мына мемлекет.

- Жуырда Батыс Қазақстаннан шығатын «Жұмадағы жүздесу» деген газетте батыс-қазақстандық жазушылардың үлкен жиыны өтетіні туралы хабарлама жазылыпты. Оқыған жұрт аң-таң: Кеңес үкіметі тұншықтырған трайбализм қайта тірілді ме деп. Жалпы, біздің биліктегілер, жазушылар арасында осы үдеріс соңғы уақыттары кең етек ала бастағандай. Өзіңіз мұндай жағдайды сезінген жоқсыз ба?

- Кеңес үкіметі кезінде трайбализмді қатты айыптап едік, қазір тіпті ушықтырып алдық. Несін жасырайын, бұған дым бүркіп отыр­ғандар - биліктегі шенеу­ніктер.

Өйткені оларға бұрын­ғылар­дың «Бөліп ал да, билей бер» сая­саты ұнайды. Халқы енжар, жазушысы жағымпаз мем­лекет­ті билеу билік басында­ғы­ларға тиімді болуы мүмкін.

Оның үстіне, руға, жерге бөлініп, іште­рінен іріген қазақты сырттай қы­зықтау - тақ үшін тыныштық. Қалай дегенмен қарапайым қазақты айтпағанда, зиялы аты бар жазу­шылардың руға, жерге бөлініп, қырықпышақ болуы - «дауыл алдындағы тыныш­тық» емесіне кім кепіл? Сондай-ақ қазақ тарихында болмаған «Рулар соғы­сының» тұтанбауына кім жауап береді? Кейде ойлаймын: біз әлі ұлт бола алмаған, ру-ру болып отырған ел сияқтымыз.

- Қазақ жерінің байлығы жаттың жұмырында кетіп жатыр деп, баспасөзде байбалам салады журналистер. Алайда осы мәселе жалпылық сипат алып, қоғам қауымын толық оята алмай отыр. Қазақ пен оның мемлекетінің болашағы зиялыға жат па, жоқ әлде оларда ел ертеңіне үмітсіздік басым ба?

- Анығында, қазақ пен оның мем­лекетінің кез келген мәселесі зиялыға да, билікте отырған шенеунік­терге де жат емес. Алайда біздің зиялылар «қажыды, шаршады». Ал шенеу­ніктерде нағыз зиялының қам-қайғысы жоқ.

- Неге, ел ертеңі - ұлт мұраты мен қазақ мүддесі кімге тән сонда?

- Ен-таңбасын салып айтар болсақ, ел ертеңі қазаққа ғана тән. Бірақ қазір әр қазақтың ертеңгі күнге деген сенімі - «сайтан үміт». Оның жөні бар. Өйткені тәуелсіз баспасөздің жазғаны рас болса, біздің сыртқы қарызымыз белшеден екен. Яғни Қазақстан шетелге 111 миллиард доллар қарызданған көрінеді. «Барлық сыртқы қарызды жалпы қазақстандыққа шаққанда, өмірге жаңа келген әр сәбидің 7,5 мың доллар қарызы бар», - деп жазыпты сарапшылар. Сұмдық! Егер мына статистика рас болса, онда мен өзімнен емес, енді өмірге келетін болашақ ұрпағымнан қорқамын. Өйткені олар өз отанында жаттың құлы болуы бек мүмкін ғой. Ұрпағым құл болса, онда оған алдымен бүгінгі билікте отырған азаматтар, сонан соң халық жауап беруге тиіс. Себебі, ел ішіндегі барлық жағдайды көріп, біліп отырып халықтың бұға беруі - қателік. Қателік - қасірет! Тарих бізге оны талай мәрте дәлелдеген.

- Алматының жазушыларына қарағанда, елге бір табан жақын жүресіз ғой, қазір ауылдағы ағайынның жағдайы қалай? Егемендік алғанымызға 20 жыл болып қалды, есі кеткен елдің еңсесі әлі тіктелер емес. Осының жөнін біле алдыңыз ба?

- Иә, ауыл тозды. Ауылмен бірге бү­кіл Алаш тозды. Алаштың тозуы - «дала демократиясының» тозуы. Қазақ - ежелден құс сияқты еркіндікті қалаған, еркіндіктің қадір-қасиетін бағалаған жұрт. Бірақ еркіндік екен деп, жайылып кетпеген, «дала демократиясына» бағынған халық.

Осы күні демократияны Батыстан іздеп, сандырақтап жүргендер бар. Алайда оның қазақ даласында болғанын ешкім ескеріп жатқан жоқ. Қазақтың «дала демократиясы» жойылған соң, біз қапастағы қырандай жүдедік, ауылдың тозуы содан.

- Қазақстанда дін мәселесі күннен-күнге асқынып барады. Жастар жалындап жанатын шағында түрлі діни ағымдардың құлы боп кетті. Аллаға серік қостырмайтын Исламның кейбір ағымдары пайда болып, еліміз түрлі діннің бейне қойыртпақ қазанына айналғандай. Азамат ретінде бұл жағдай жаныңызға батпай ма?

- Батқанда қандай!.. Шынымды айтсам, Құдай деген құлмыз ғой. Бірақ Құдайды «қуыршаққа айналдырып», білгенін істеп жүрген дінбұзарларды көрген сайын қорқынышпен өмір сүретін болдым. Өйткені дін - бомба. Біздің ел үшін бұл бомбаның жарылатын күні жақын сияқты. Бұрын кәпір, мұсылман болып бөлінсек, енді мұсыл­мандарымыздың өзі ішінен қырыққа айырылған. Бір үйде бірнеше діннің адамы өмір сүріп жатқан жағдайлар да кездеседі. Жағдай бұлай жалғасатын болса, енді жуық арада «Дін соғысы» бұрқ етуі мүмкін. Өйткені діннің әңгімесі ұлғайып барады. Негізінде, мұнымен ішкі істер органдары айналысуы керек еді. Алайда солардың не қарап отыр­ғандарына таңым бар. Дегенмен білмей отырған жоқ қой. Мұнда шикілік бар.

- Қазақта қонақкәде дейтін дәстүр болушы еді, соны жаңғыртып, сиясы кеппеген бір өлеңіңізді оқыңызшы...

- Егер рұқсат болса, бір емес, екі өлең оқып берейін. Алғашқысы елге арналса, екіншісі ұлттық сезімге арналған.

 

***

Осындағы әрбір ұлттың,

Бар бір ғажап станы:

Жойттың Исрайылы,

Ұйғырдың Қазақстаны,

Қырғыздың Қырғызстаны,

Жұлдыздың Жұлдызстаны.

 

Бет бүріссе көзде көлдей жасы бар,

Өпсе болды, өксігі де басылар.

Орыстардың Ресейі ормандай,

Бір кәрістің екі Кореясы бар.

 

Алдында жоқ бір тірі жан, тіл ұғар,

Мұхит асқан ұлылары құрып ән.

Мұстафа Шоқай, Мұхтар Мағауин  көкемнің,

Жүрегінің түгі бар ғой, түгі бар.

 

Күнге қарай керуен тартқан кезім бұл,

Тұман дүние көкжиектен көзің дүр.

Қазақстан сенен басқа түгім жоқ,

Гүл қылсаң да, күл қылсаң да - өзің біл.

Ұл қылсаң да, тұл қылсаң да - өзің біл.

 

***

Не ғажап бар Тәңірдің қуатындай,

Ұят берді ұлтымның ұятындай.

Топыраққа керемет кие салды,

Бөкейханнан Әлихан туатындай.

 

Көкірекке көл қылып шер сіңірді,

Көз жасымен көйлегін жуатындай.

Иман берді нәпсіні тыятындай.

Қабір берді ішінен тынатындай.

 

Тағдыр тартты тар жолмен

тайғақ кешіп,

Ақыл-есті абдырап жиятындай.

Далам қандай - бес бірдей

Франция,

Бебеулемей беліме сыятындай.

 

Ар да мықты арзымас тек тірітіп,

Көкбөрісі кеудемде кетті ұлытып.

Қалай Тәңірі осынша ұлы ұлысқа,

Ұлттық сезім сыйлауды кетті ұмытып.

- Өлеңіңізге де, әңгімеңізге де көп рақмет, жазарыңыз жарқырай берсін!

Жұқамыр ШӨКЕ

«Общественная позиция» ( «DAT» № 42 (79)  24 қараша 2010 жыл.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6194