Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2337 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 06:07

Душанбеде ШЫҰ үкімет басшыларының саммиті өз жұмысын бастады

Душанбе. 25 қараша. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Душанбеде бейсенбі күні Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен ШЫҰ үкімет басшыларының кезекті отырысы ашылды.

Саммитке Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Қытай үкіметінің басшысы Вэнь Цзябао, Ресей премьері Владимир Путин, Тәжікстан үкіметінің жетекшісі Акил Акилов және Қырғызстан президенті, премьер-министрінің міндеттерін атқарушы Роза Отунбаева және Өзбекстан премьерінің орынбасары Батир Ходжаев қатысуда.

Күн тәртібіне сәйкес, тараптар әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын ары қарай еңсеру, ШЫҰ бюджетін және тағы басқа мәселелерді талқылайды.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) – 2001 жылдың 15 маусымында Шанхайда (ШЫҰ) құрылғаны туралы жарияланған халықаралық ұйым. Оның құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.

ШЫҰ қызметі мүше-мемлекеттердің арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуға; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени, басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастығына қолдау көрсетуге, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз етуге бағытталған.

Үндістан, Иран, Пәкістан, Монғолия ұйымға бақылаушы болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395